Донбаста украиналық әскерилер не істеп жатыр

© Gleb GaranichУкраинские военные. Архивное фото - рекар
Украинские военные. Архивное фото - рекар - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2022
Жазылу
Украин әскерилері соңғы күндері Донбасс қалаларына оқ атуды үдетті, деп жазды РИА Новости.
Украина Қарулы күштері Донецк Халық республикасына оқ атуды таңертең қайта жалғастырды. Алдымен Донецктен солтүстікке қарай орналасқан Ясиноватая оқ астында қалды. Қалаға оннан астам "Град" жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе бағытталды. Артынша Александровка ауылына калибрі 122 миллиметр қарумен артиллериялық шабуыл жасады. Одан соң снарядтар Михайловка мен Пантейлемоновкадағы бірнеше үйді күл-талқан етті. Ал түске қарай Макеевка мен Донецк – Куйбышевск пен Петровск ауданы зардап шекті.
Бір күн бұрын Украина Қарулы күштері Донецк Халық республикасына кассеталы оқ-дәрімен шабуыл жасады. Жергілікті екі тұрғын көз жұмып, тоғыз жастағы баланы қоса алғанда, бес адам ауыр жарақат алды. Украин зеңбірекшілері Киров ауданындағы ешқандай әскери нысан жоқ "Меркурий" базарына соққы жасады.
Жалпы алғанда, атысты тоқтатуды бақылау және үйлестіру жөніндегі Біріккен орталықтағы ДХР өкілдігінің мәліметі бойынша, эскалацияның 84 күнінде республикада 110 бейбіт тұрғын, оның ішінде төрт бала қаза тапты. 499 адам жараланса, оның 31-і балалар. Бұл Мариупольды есептемегендегі дерек. Ол жақта есептеу әлі аяқталған жоқ. Донецк билігінің хабарлауынша, бейбіт тұрғындардың қаза табуына украин артиллеристері жауапты.
"Әсіресе Авдеевкада жайғасқан 25-ші жеке десанттық бригаданың артиллериясы және Донецктің батысына қарай Пески ауылындағы позицияларда тұрған 56-шы жеке мотоатқыштар бригадасы титығымызға тиді - деді Клим деген лақап аты бар ДХР армиясының офицері РИА Новости агенттігіне. – Біз дәл алдынан қарсы келіп шабуылдай алмаймыз. Себебі сегіз жыл ішінде Украинаның Қарулы күштері бұл аймақтарда қатты күшейіп алды. Атыстан кейін қаруды дереу бекініске қарай алып кетеді, сондықтан оларды батареяға қарсы оқпен қирату өте қиын. Бірақ оларда да шығын бар. Оған қоса, ресейлік авиация бізге көп көмектесіп жатыр".
Мұхтар Тілеуберді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазақстан мен Украина СІМ басшылары қазіргі геосаяси жағдайды талқылады
РФ қорғаныс министрлігінің соңғы ақпараты бойынша, 24 ақпаннан бастап авиация 1455 қару-жарақ пен жаппай оқ атуға арналған 360 реактивті жүйені жойды. Украина Қарулы күштерінде қазір снаярд тапшы: көп оқ-дәрі қоймасы ресейлік дәлдігі жоғары техникамен қиратылды, кейбірі, мысалы Балаклеядағы арсенал ресейлік армияның бақылауына көшті.
Батыс НАТО үлгісіндегі артиллериялық жүйе мен оларға арналған оқ-дәріні жеткізуді жалғастырып жатыр. Осылайша, америкалықтар Украина Қарулы күштеріне шамамен 90 дана 155 миллиметрлі М777 гаубицасын беріп, 300-ден астам украин сарбазын оларды қолдануға дайындады. Канада мен Австралия да осы тектес техника жөнелтуді жоспарлап отыр. Германия мен Нидерланды Киевке әлемдегі ең үздік саналатын PZH-2000 өздігінен жүретін 12 дана артиллериялық жүйе табыстады. Ал Италия М109 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы ұсынады.
"M982 Excalibur снарядтары бәрінен де үлкен қауіп төндіріп отыр. Батыс гаубицалары оларды небәрі төрт метр ықтимал ауытқу аумағымен 57 километрге дейінгі қашықтыққа лақтыра алады. Алайда Украина Қарулы күштеріне дәл осындай көлемде кө снаряд берілуі күмән тудырады. Себебі бұл НАТО есебі бойынша өте қымбат техника: бір рет ату құны шамамен 70 мың доллар. Бұл гаубицалар қарапайым жарықшақ-фугасты оқ-дәрімен 30 километрге дейін соққы жасай алады. Бұл ресейлік 152-миллиметрлі "Мста-С" өздігінен жүретін артиллериялық жабдықтың мүмкіндіктерімен тең түсе алады", - деп жазылған материалда.
Дүйсенбіде АҚШ президенті Джо Байден Украинаға арналған "ленд-лиз" туралы заңға қол қойды. Конгресстің қос палатасы мақұлдаған құжат Киевке әскери көмек көрсетуді жеңілдетеді, сондай-ақ Вашингтон бөлісуге дайын құрал-жабдықтар мен технологиялар ауқымын кеңейтеді. Дегенмен, көптеген сарапшы бұл Украина Қарулы күштеріне айтарлықтай көмек болмайтынын айтып жатыр.
"Ленд-лиз" туралы құжат қақтығыстың қалай аяқталуына емес, оның созылуына себеп болады, - деп санайды Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің сарапшысы Прохор Тебин. – Батыс әлеміне өз позициясын нығайтып, Рессейді әлсірету үшін уақыт созу қажет болып тұр. Ал Украинаға әскери көмек көрсету осы мақсатты көздейді: Батыс елдерінің көмегін алған Украинаның оларға деген бағыныштылығы артады".
РИА Новости жазғандай, батыс қару-жарағы шығысқа қарай тоқтаусыз кетіп жатқанына қатысты Мәскеу де қол қусырып қарап отырмайды. Ресей Әскери-ғарыш күштері украин темір жолдарының негізгі шағын станцияларына дәлдігі жоғары соққы жасап, байланыс жолдарын бұзды. Сонымен қатар стратегиялық маңызды көпірлерді қирату бойынша шара қабылданып жатыр.
Жаңалықтар
0