https://sputnik.kz/20220512/batys-qazaqstan-zhanbyr-mektep-24760546.html
Батыс Қазақстанда жаңбырдан кейін мектепті су басты
Батыс Қазақстанда жаңбырдан кейін мектепті су басты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы мектепті су басқаны жайлы видео жарияланды. Ролик авторының айтуынша, нөсер... 12.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-12T07:09+0500
2022-05-12T07:09+0500
2023-08-09T09:47+0500
мектеп
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0b/24760326_0:141:766:572_1920x0_80_0_0_80f69db086cfa3ada10d9febe8e24e9a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы мектепті су басқаны жайлы видео жарияланды. Ролик авторының айтуынша, нөсер жаңбырдан кейін төбеден су аққан, ал техникалық қызметкерлер еден мен қабырғаларды сүртіп үлгермеген. Орта мектеп ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді.Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, қазір аудандық білім бөлімі мен "Тасқала Транс Газ" ЖШС компаниясы арасында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу туралы келісімшарт жасалған, күрделі жөндеу жұмыстары осы айда басталуға тиіс, деп жазды "Мой город".Мектептің бас ғимаратын емес, спорт зал мен асхана орналасқан қосымша ғимаратты су басқан, дейді Ақжайық аудандық білім бөлімінің басшысы Біржан Сабыров."Мектеп 1987 жылы салынған, 624 орынға есептелген. Мендегі мәлімет бойынша, салынған жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек еді, бірақ сот дауына байланысты жұмысты уақытында бастауға мүмкіндік болмай отыр. Бөлінген ақшаны бюджетке қайтаруға тура келді. Биыл "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы бойынша 350 миллион теңге бөлінді, қалғаны жергілікті бюджеттен қарастырылады", - деді Сабыров.Балалар су баспаған бас ғимаратта оқиды. Жөндеу жұмыстары шамамен бес айға созылады.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0b/24760326_0:69:766:644_1920x0_80_0_0_43123218fe547ab98be937a6c288a064.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, батыс қазақстан облысы
мектеп, батыс қазақстан облысы
Батыс Қазақстанда жаңбырдан кейін мектепті су басты
07:09 12.05.2022 (жаңартылды: 09:47 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желіде Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы мектепті су басқаны жайлы видео жарияланды. Ролик авторының айтуынша, нөсер жаңбырдан кейін төбеден су аққан, ал техникалық қызметкерлер еден мен қабырғаларды сүртіп үлгермеген. Орта мектеп ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді.
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, қазір аудандық білім бөлімі мен "Тасқала Транс Газ" ЖШС компаниясы арасында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу туралы келісімшарт жасалған, күрделі жөндеу жұмыстары осы айда басталуға тиіс, деп жазды "Мой город".
Мектептің бас ғимаратын емес, спорт зал мен асхана орналасқан қосымша ғимаратты су басқан, дейді Ақжайық аудандық білім бөлімінің басшысы Біржан Сабыров.
"Мектеп 1987 жылы салынған, 624 орынға есептелген. Мендегі мәлімет бойынша, салынған жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек еді, бірақ сот дауына байланысты жұмысты уақытында бастауға мүмкіндік болмай отыр. Бөлінген ақшаны бюджетке қайтаруға тура келді. Биыл "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы бойынша 350 миллион теңге бөлінді, қалғаны жергілікті бюджеттен қарастырылады", - деді Сабыров.
Балалар су баспаған бас ғимаратта оқиды. Жөндеу жұмыстары шамамен бес айға созылады.