Ақмола облысында белгісіз аурудан мал қырылып жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневЖайылып жүрген мал
Жайылып жүрген мал - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2022
Жазылу
КӨКШЕТАУ – 12 мамыр, Sputnik. Ақмола облысының тоғыз ауданында мал жаппай қырылып жатыр. Бүгінгі таңда 4 мыңға жуық ірі қара ауруға шалдығып, 24 бас өлген. Ветеринарлар ауру малдан алынған биологиялық материалды сараптамаға жіберді, бірақ диагнозы әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ақмола облысында мал жыл басынан бері ауыра бастаған, тоғыз ауданнан – Астрахань, Аршалы, Бурабай, Бұланды, Ерейментау, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград және Біржан сал аудандарынан шағым түсті. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда 3,8 мың ірі қара және 1,7 мың ұсақ мал ауруға шалдыққан. 24 бас ірі қара өлді.
Ерейментау ауданының шаруа қожалықтары ең көп зардап шекті, мұнда бес елді мекенде – Ерейментау қаласында, Ақмырза, Еркіншілік, Веренка және Еңбек ауылдарында, сондай-ақ 14 шалғайдағы шаруашылықта мал ауырды.
Жалпы, ведомствоның мәліметінше, ауданда 2,5 мың бас ірі қара және 1,7 мың ұсақ мал ауруға шалдыққан. Оның ішінде 2,3 мың бас ірі қара және 1,6 мың ұсақ ауру мал Еркіншілік ауылында тіркелді. Мыңға жуығы ветеринарлардың симптоматикалық емінен кейін сауығып кеткен. 19 бас ірі қара мал өлді.
Ветеринарлар аурудың клиникалық белгілері стоматит, аусыл және жұқпалы ринотрахеитке ұқсас екенін атап өтті. Негізгі белгілері – сілекейдің көп бөлінуі және тәбеттің болмауы.
Малдың нақты немен ауырып жатқанын ветеринарлар әлі анықтай алмай отыр.
"Аса қауіпті ауруларға диагностика жүргіздік. Сәуір айында Еркіншілік ауылынан ауру малдың биоматериалдары (қан сарысуы мен сілекей) екі рет зертханаға жөнелтілді. Нәтижесі теріс шықты", - деп атап өтті ветеринария басқармасы.
Мал иелеріне әзірге шикі сүт пен сүт өнімдерін тұтынбауға қатаң кеңес берілді.
Жаңалықтар
0