https://sputnik.kz/20220511/toqaev-negizgi-ustanymyn-aytty-24753783.html
"Мұндайды қаламаймын": Тоқаев өз ұстанымын айтты
"Мұндайды қаламаймын": Тоқаев өз ұстанымын айтты
Sputnik Қазақстан
Президент саяси жүйені толық жаңғыртатынын мәлімдеді 11.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-11T14:54+0500
2022-05-11T14:54+0500
2022-05-11T14:59+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/02/11/22885275_0:0:3053:1717_1920x0_80_0_0_3d7c27f8f68f2a0dd288c2dac242c5a9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түрік бизнесмендеріне Жаңа Қазақстандағы саяси-экономикалық өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлады Ақорда.Тоқаев саяси жүйені толық жаңғыртатынын мәлімдеді. Негізгі мақсат - "суперпрезиденттік" басқарудан мықты парламенті бар президенттік республика жүйесіне біртіндеп өту. Саяси жүйемен бірге ұлттық экономика да түбегейлі жаңғыртылады. Оны әділ бәсеке орнату, жекеменшікті қорғау, монополиядан арылту арқылы жүзеге асырады. "Осының бәрі еліміздегі саяси тұрақтылықты нығайта түседі. Сонымен қатар бизнестің мүддесі мен құқығын қорғауға ықпал етеді. Ең бастысы, шетелдік инвесторлар үшін экономикалық мүмкіндікті барынша кеңейтеді. Бұл Түркияның ірі холдингтеріне, компанияларына ғана емес, шағын және орта бизнес өкілдеріне де мүмкіндік береді", – деп атап көрсетті президент.Осы орайда мемлекет басшысы түрік бизнесмендеріне бірнеше жобаны ұсынды. Қазақстан мұнай-газ саласы үшін құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер жасауға ниетті. Инвесторлар тарапынан сұраныс бар, ал түрік кәсіпкерлері озық технология мен тың тәжірибесін енгізе алады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласындағы бірлесіп жұмыс істеуге болады. "Қазақстан соңғы 5 жылда зығыр егілетін алқаптың аумағын 2,5 есеге ұлғайтты. Осылайша, зығыр тұқымын экспорттайтын көшбасшы елдердің қатарына қосылдық. Түркия бұған дейін бізден жылына 10 мың тонна зығыр сатып алатын. Ал биыл екі ай ішінде 8 мың тоннасын, яғни, жылдағыдан 6 есе көп алды. Біз Қазақстанда зығыр және басқа да майлы дақылдарды өңдейтін бірлескен өндіріс орындарын ашуды ұсынамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ал туризм саласында Каспий теңізінің жағалауын пайдалануға болады. Әсіресе, "Інжу-маржан" шығанағының бойы өте қолайлы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/11/22885275_322:0:3053:2048_1920x0_80_0_0_ab0e4680908dc03f18546f1174051c05.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тоқаев токаев түркия турция
тоқаев токаев түркия турция
"Мұндайды қаламаймын": Тоқаев өз ұстанымын айтты
14:54 11.05.2022 (жаңартылды: 14:59 11.05.2022) Президент саяси жүйені толық жаңғыртатынын мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түрік бизнесмендеріне Жаңа Қазақстандағы саяси-экономикалық өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлады
Ақорда.
Тоқаев саяси жүйені толық жаңғыртатынын мәлімдеді. Негізгі мақсат - "суперпрезиденттік" басқарудан мықты парламенті бар президенттік республика жүйесіне біртіндеп өту.
"5 маусымда жалпыхалықтық референдум өткізіледі. Конституциямыздың 33 бабына түзетулер енгізіледі. Менің мақсатым – халқыма, мейлінше, еркіндік беру, демократия мен заң үстемдігін күшейту. Президент ретінде ешқандай артықшылықтар мен жеңілдіктерге құмар емеспін. Мұндайды қаламаймын".
Қасым-Жомарт Тоқаев
ҚР президенті
Саяси жүйемен бірге ұлттық экономика да түбегейлі жаңғыртылады. Оны әділ бәсеке орнату, жекеменшікті қорғау, монополиядан арылту арқылы жүзеге асырады.
"Осының бәрі еліміздегі саяси тұрақтылықты нығайта түседі. Сонымен қатар бизнестің мүддесі мен құқығын қорғауға ықпал етеді. Ең бастысы, шетелдік инвесторлар үшін экономикалық мүмкіндікті барынша кеңейтеді. Бұл Түркияның ірі холдингтеріне, компанияларына ғана емес, шағын және орта бизнес өкілдеріне де мүмкіндік береді", – деп атап көрсетті президент.
Осы орайда мемлекет басшысы түрік бизнесмендеріне бірнеше жобаны ұсынды. Қазақстан мұнай-газ саласы үшін құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектер жасауға ниетті. Инвесторлар тарапынан сұраныс бар, ал түрік кәсіпкерлері озық технология мен тың тәжірибесін енгізе алады.
Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласындағы бірлесіп жұмыс істеуге болады.
"Қазақстан соңғы 5 жылда зығыр егілетін алқаптың аумағын 2,5 есеге ұлғайтты. Осылайша, зығыр тұқымын экспорттайтын көшбасшы елдердің қатарына қосылдық. Түркия бұған дейін бізден жылына 10 мың тонна зығыр сатып алатын. Ал биыл екі ай ішінде 8 мың тоннасын, яғни, жылдағыдан 6 есе көп алды. Біз Қазақстанда зығыр және басқа да майлы дақылдарды өңдейтін бірлескен өндіріс орындарын ашуды ұсынамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал туризм саласында Каспий теңізінің жағалауын пайдалануға болады. Әсіресе, "Інжу-маржан" шығанағының бойы өте қолайлы.