Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аяқталды

© Sputnik / Владислав ВодневТүркия мен Қазақстанның тулары
Түркия мен Қазақстанның тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан БОРТ 1 Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Анкараның халықаралық әуежайында Түркияның вице-президенті Фуат Октай шығарып салды.
Екі күнге созылған мемлекеттік сапардың негізгі түйіні Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен жүргізілген жан-жақты келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру туралы келісімге қол жеткізілді.
Сонымен қатар әртүрлі салаларда ынтымақтастықты нығайта түсетін бірқатар маңызды үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.
Сондай-ақ мемлекет басшысы түрік бизнесінің ірі өкілдерімен кездесті. Олармен кездесу екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізері сөзсіз.
Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қол жеткізілген барлық уағдаластықтың орындалуы оның жеке бақылауында болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия кәсіпкерлерімен кездесулер өткізді - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2022
Тоқаев Түркия кәсіпкерлерімен жеке-жеке кездесті
Жаңалықтар
0