Шекербекова мен Ибрагимова бокстан әлем чемпионатын сәтті бастады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстандық спортшылар бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті жалғастырып жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.
Әлем біріншілігінің күндізгі сессиясында 52 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан Жайна Шекербекова сынға түсті. Оның аталған бәсекедегі алғашқы қарсыласы пуэрторикалық Мелоди Варгас болды. Ал 57 келіде Карина Ибрагимова Румыния спортшысы Клаудия Нечитамен қолғап түйістірді.
Қазақстандық қос атлет те алғашқы айналымдағы қарсыластарын ұтты. Әрі қарай Жайна Шекербекова 1/8 финалда жапониялық, ал Ибрагимова испаниялық спортшымен кездеседі.
Айта кетерлігі, әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 20 мамырға дейін жалғасады.
Жаңалықтар
0