Қостанай облысында прокурор өз-өзіне қол жұмсады

© Sputnik / Максим МасловПрокуратура
Прокуратура   - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қостанай облысында орман алқабында 28 жастағы прокуратура қызметкері суицид жасады, оның артында әйелі мен кішкентай қызы қалды.
Марқұмның прокуратурада төрт жыл еңбек еткені белгілі болды, деп жазды Kstnews.kz.
Қостанай облысының прокуратурасы 5 мамыр күні сағат 11:30 шамасында Қостанай қаласы прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімі аға прокурорының мәйіті табылғанын хабарлады.
"1994 жылы туған қызметкердің өз-өзіне қол жұмсау фактісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қостанай облысының полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның себебі анықталуда", - деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.
Жаңалықтар
0