Экономика

Қазақстанда соққы беретін әскери ұшқышсыз ұшу аппараттары құрастырылады

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2022
Жазылу
Қазақстан ANKA өндірісі жолға қойылған алғашқы шет ел атанды
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қазақстанда түркиялық соққы беретін ANKA ұшқышсыз ұшу аппараттары құрастырылады, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық делегацияның Анкараға сапары аясында "Kazakhstan Engineering" ҰК" АҚ мен "Turkish Aerospace" арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Келісімге сәйкес, "Kazakhstan Engineering" еншілес компаниясының базасында соққы беретін ANKA ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету желісі ұйымдастырылады.
"Келісім аясында ұшқышсыз ұшу аппараттарын бірлесіп өндіру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстанның Қарулы күштері үшін ұшу аппараттарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін технологияларды беру және персоналды оқыту жоспарлануда", - делінген хабарламада.
Қазақстан ANKA өндірісі жолға қойылған алғашқы шет ел атанды.
Айта кетері, ұшқышсыз ұшатын ANKA барлау және соққы аппараты 2013 жылы Түркияда құрылды. Ұрыс жағдайында сыналды. Ұшу аппаратының жоғары ұшу салмағы – 1 700 келі, 350 келіге дейінгі пайдалы жүктемені көтеруге қабілетті. Ұшу уақыты – ең жоғары 9 000 метрге дейінгі биіктікте 30 сағатқа дейін. Қанатының ұзындығы – 17,5 метр, ұзындығы – шамамен 8 метр.
Жаңалықтар
0