https://sputnik.kz/20220511/qazaqstan-bank-qaryz-24746249.html
Қазақстанда 6,2 млн адам банкке қарыз, оның 1,5 миллионы – проблемалық кредит
Қазақстанда 6,2 млн адам банкке қарыз, оның 1,5 миллионы – проблемалық кредит
Sputnik Қазақстан
Банктер мен микроқаржы ұйымдары проблемалық қарыз алушылар санын азайту үшін әр борышкерге жеке жоспар әзірлейді 11.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-11T10:44+0500
2022-05-11T10:44+0500
2022-05-11T10:44+0500
қоғам
банк
қарыз
кредит
https://sputnik.kz/img/1202/48/12024898_72:0:3713:2048_1920x0_80_0_0_850bd854baa0dc69871b44e7f034cbed.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қанша қазақстандық банктерге қарыз екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Айтуынша, 430 мыңға жуық проблемалық қарыз алушы банктердің балансында, ал қалғаны микроқаржы ұйымдары мен баланстан тыс есепте тұр. Қаржы нарығын реттеу агенттігі бүкіл банк пен микроқаржы ұйымына, коллекторлық агенттіктерге проблемалық қарыз алушылардың санын азайту бойынша жеке жоспар әзірлеуді тапсырған. "Яғни олар проблемалық қарыздарды қайта құрылымдау бойынша арнайы шараларды қолға алуы керек. Мысалы, кредитті есептен шығару, егер несиенің басым бөлігі өтелсе, оны кешіру", - деді агенттік төрағасы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1202/48/12024898_527:0:3258:2048_1920x0_80_0_0_254c0d0354c79d8bdb7b9af8b8438e62.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, қарыз, кредит
Қазақстанда 6,2 млн адам банкке қарыз, оның 1,5 миллионы – проблемалық кредит
Банктер мен микроқаржы ұйымдары проблемалық қарыз алушылар санын азайту үшін әр борышкерге жеке жоспар әзірлейді
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова қанша қазақстандық банктерге қарыз екенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазіргі таңда жеке тұлғалар бойынша 6,2 млн адамның банктерде кредиті бар. Бұдан бөлек, біз соңғы жылдары проблемалық қарыз алушыларды анықтау бойынша үлкен жұмыс жүргіздік. Проблемалық қарыздар банктің балансында да, баланстан тыс та бар. Біздің бағалауымыз бойынша, барлық банк пен микроқаржы ұйымын, банктердің коллекторларға сатқан қарыздарын алғанда, жалпы саны 1,5 млн қарыз алушының проблемалық кредиті бар", - деді Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.
Айтуынша, 430 мыңға жуық проблемалық қарыз алушы банктердің балансында, ал қалғаны микроқаржы ұйымдары мен баланстан тыс есепте тұр. Қаржы нарығын реттеу агенттігі бүкіл банк пен микроқаржы ұйымына, коллекторлық агенттіктерге проблемалық қарыз алушылардың санын азайту бойынша жеке жоспар әзірлеуді тапсырған.
"Яғни олар проблемалық қарыздарды қайта құрылымдау бойынша арнайы шараларды қолға алуы керек. Мысалы, кредитті есептен шығару, егер несиенің басым бөлігі өтелсе, оны кешіру", - деді агенттік төрағасы.