Спорт

"Қайрат" капитаны клубтан кететінін мәлімдеді

© Pixabay / Andy03Футбол добы
Футбол добы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2022
Жазылу
Бұған дейін футболшы жұмыс берушінің шартты ұзартуын күтіп отырғанын айтқан болатын
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. "Қайраттың" жұлдызы Яцек Гуральски Przegląd Sportowy-ға берген сұхбатында жақында қазақстандық клубтан кететіні туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports.kz.
"Биыл 31 желтоқсанда Яцек Гуральскидің "Қайратпен" келісімшарты аяқталады. Бұған дейін футболшы жұмыс берушінің шартты ұзартуын күтіп отырғанын айтқан болатын", - деп жазады басылым.
Алайда енді клубтан кететінін жеткізді.
"Бұл рас. Клубпен келіссөзден осындай нәтиже шықты. Егер таңдау керек болса, онда жазғы трансферді таңдайтын едім. Менің ойымша, бұл екі жаққа да тиімді болар еді. Өйткені біздің құрама желтоқсан айында әлем чемпионатында өнер көрсетеді, мен Катарда алаңға шығатын командада боламын деп үміттенемін", - деді ол.
Футбол. РПЛ. Матч Спартак – Нижний Новгород - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2021
Спорт
Пенальти тебу кезінде қызық жағдай болды: футболшы алаңнан қуылды – видео
Жаңалықтар
0