https://sputnik.kz/20220511/nyu-york-federaldy-soty-iliyas-khrapunov-24756450.html
Нью-Йорк федералды соты Ілияс Храпуновқа санкциялар салды
Нью-Йорк федералды соты Ілияс Храпуновқа санкциялар салды
Sputnik Қазақстан
БТА Банкі мен Алматы қаласы бастамашылық еткен іс бойынша осындай шешім қабылданды 11.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-11T16:39+0500
2022-05-11T16:39+0500
2022-05-11T16:39+0500
әлем
нью-йорк
храпунов
сот
санкция
https://sputnik.kz/img/414/17/4141771_0:71:1375:844_1920x0_80_0_0_85dc59b9499c2c6ed0d041df1bdbf610.jpg
АЛМАТЫ, 11 мамыр — Sputnik. АҚШ-та Нью-Йорктің оңтүстік округінің аудандық соты 2022 жылдың 4 мамырында Ілияс Храпуновқа 221 285,31 доллар көлемінде санкция салды. Ол сот бұйрықтарын бірнеше рет бұзып, дәлелдемелерді жойған және жалған айғақтар берген.Төлем 30 күн ішінде жасалуға тиіс, деп хабарлайды Қазақстанның әділет министрлігі. Нью-Йорк соты Храпуновқа осымен екінші рет ақшалай санкция салып отыр. Біріншісінде интернет арқылы құпия айғақтар жария етілгеннен кейін салынған."Осыған ұқсас әрекеті үшін Храпуновпен бірге жауапқа тартылған Мұхтар Әблязовқа бұрын 140 115,60 АҚШ доллары мөлшерінде санкция қолданылған", - деп атап өтті әділет министрлігінде. Осы аптада қабылданған шешім І.Храпуновқа салынған санкциялардың мөлшерін белгіледі. Әблязов пен Виктор және Ілияс Храпуновтар БТА Банкі мен Алматы әкімдігінің айғақтар табуына кедергі келтіргені анықталды. Ол айғақтар Әблязов, Храпунов пен олардың миллиондаған доллар жымқыруға арналған Triadou SPV S.A. компаниясына талап қою үшін қажет болатын.Сот олар айғақтарды жойып, жалған куәлік етіп, сот қаулыларын бұзғанын анықтады. "Алматы әкімдігі мен "БТА Банкі" соттың бұл істі мұқият бақылауын бағалайды. Мұхтар Әбілязов, Ілияс Храпунов және олардың сыбайластары сот процесіне адал қатысудан бірнеше рет бас тартып, соттың көптеген қаулысын бұзған. Осыған қарамастан, олардың қылмысының дәлелі жетерлік. Біз бұл дәлелдерді Нью-Йорктегі алқабилер сотының алдында ұсынамыз", – деді Boies Schiller Flexner LLP басқарушы серіктесі және талап қоюшылардың адвокаты Мэтью Л.Шварц.Алматы әкімдігі мен "БТА Банкі" АҚ атынан процесс бұдан алты жыл бұрын басталған болатын. Олар М.Әблязовты және оның сыбайластарын АҚШ-та ұрланған ақшаны жылыстатты деп айыптап отыр. Соттар Әблязов жалған несие беру арқылы БТА банкінен миллиардтаған доллар ұрлағанын анықтады. Ол Қазақстанда сотталып, сондай-ақ Ұлыбритания соттарында да жауапты деп танылды.
нью-йорк
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/414/17/4141771_78:0:1298:915_1920x0_80_0_0_5cbfe62a77f7b227e5bf07857e48ae53.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нью-йорк, храпунов, сот, санкция
нью-йорк, храпунов, сот, санкция
Нью-Йорк федералды соты Ілияс Храпуновқа санкциялар салды
БТА Банкі мен Алматы қаласы бастамашылық еткен іс бойынша осындай шешім қабылданды
АЛМАТЫ, 11 мамыр — Sputnik. АҚШ-та Нью-Йорктің оңтүстік округінің аудандық соты 2022 жылдың 4 мамырында Ілияс Храпуновқа 221 285,31 доллар көлемінде санкция салды. Ол сот бұйрықтарын бірнеше рет бұзып, дәлелдемелерді жойған және жалған айғақтар берген.
Төлем 30 күн ішінде жасалуға тиіс, деп хабарлайды Қазақстанның әділет министрлігі.
Нью-Йорк соты Храпуновқа осымен екінші рет ақшалай санкция салып отыр. Біріншісінде интернет арқылы құпия айғақтар жария етілгеннен кейін салынған.
"Осыған ұқсас әрекеті үшін Храпуновпен бірге жауапқа тартылған Мұхтар Әблязовқа бұрын 140 115,60 АҚШ доллары мөлшерінде санкция қолданылған", - деп атап өтті әділет министрлігінде.
Осы аптада қабылданған шешім І.Храпуновқа салынған санкциялардың мөлшерін белгіледі.
Әблязов пен Виктор және Ілияс Храпуновтар БТА Банкі мен Алматы әкімдігінің айғақтар табуына кедергі келтіргені анықталды. Ол айғақтар Әблязов, Храпунов пен олардың миллиондаған доллар жымқыруға арналған Triadou SPV S.A. компаниясына талап қою үшін қажет болатын.
Сот олар айғақтарды жойып, жалған куәлік етіп, сот қаулыларын бұзғанын анықтады.
"Алматы әкімдігі мен "БТА Банкі" соттың бұл істі мұқият бақылауын бағалайды. Мұхтар Әбілязов, Ілияс Храпунов және олардың сыбайластары сот процесіне адал қатысудан бірнеше рет бас тартып, соттың көптеген қаулысын бұзған. Осыған қарамастан, олардың қылмысының дәлелі жетерлік. Біз бұл дәлелдерді Нью-Йорктегі алқабилер сотының алдында ұсынамыз", – деді Boies Schiller Flexner LLP басқарушы серіктесі және талап қоюшылардың адвокаты Мэтью Л.Шварц.
Алматы әкімдігі мен "БТА Банкі" АҚ атынан процесс бұдан алты жыл бұрын басталған болатын. Олар М.Әблязовты және оның сыбайластарын АҚШ-та ұрланған ақшаны жылыстатты деп айыптап отыр. Соттар Әблязов жалған несие беру арқылы БТА банкінен миллиардтаған доллар ұрлағанын анықтады. Ол Қазақстанда сотталып, сондай-ақ Ұлыбритания соттарында да жауапты деп танылды.