https://sputnik.kz/20220511/nayzagay-zhanbyr-burshaq-aua-rayy-24760908.html
Найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады: 12 мамырда ауа райы қандай болады
Найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады: 12 мамырда ауа райы қандай болады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Бейсенбі, 12 мамырда Қазақстанда қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр. 11.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-11T20:40+0500
2022-05-11T20:40+0500
2022-05-11T20:40+0500
ауа райы болжамы
https://sputnik.kz/img/1379/47/13794798_0:0:2048:1152_1920x0_80_0_0_09a4f8904d2c91900e11f247d7d5993e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Бейсенбі, 12 мамырда Қазақстанда қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.Әсіресе, республиканың батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, нөсер жауын жауады, тек Қызылорда облысында күн ашық. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.Қазақстанның өңірлеріндегі ауа райыАлматы облысының оңтүстігінде, шығысында, түнде және таңертең таулы және тау бөктеріндегі аумақтарында бұршақ жауып, дауыл соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауып, дауыл соғады, күндіз жел күшейеді – 15-20, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 23 м/с жетеді.Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аумақтарында бұршақ жауып, дауыл соғады, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде – бұршақ жауады, күндіз оңтүстік-батыста, оңтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.Түркістан облысының таулы аумақтарында бұрқасын дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз солтүстігінде, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.Ірі қалалардағы ауа райыНұр-Сұлтанда күн бұлтты. Түнде плюс 7-9, күндіз 20-22 градус жылы.Алматыда күн күркірейді, түнде плюс 13-15, күндіз 20-22.Шымкентте жауын-шашын болмайды. Түнде плюс 12-14, күндіз 25-27 градус ыстық болады деп болжанып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1379/47/13794798_256:0:1792:1152_1920x0_80_0_0_7f27edac7a6c3c66097c6d54c547dd18.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Бейсенбі, 12 мамырда Қазақстанда қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Әсіресе, республиканың батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, нөсер жауын жауады, тек Қызылорда облысында күн ашық. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстанның өңірлеріндегі ауа райы
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, түнде және таңертең таулы және тау бөктеріндегі аумақтарында бұршақ жауып, дауыл соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауып, дауыл соғады, күндіз жел күшейеді – 15-20, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 23 м/с жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аумақтарында бұршақ жауып, дауыл соғады, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде – бұршақ жауады, күндіз оңтүстік-батыста, оңтүстікте жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы аумақтарында бұрқасын дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы мүмкін, күндіз солтүстігінде, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты. Түнде плюс 7-9, күндіз 20-22 градус жылы.
Алматыда күн күркірейді, түнде плюс 13-15, күндіз 20-22.
Шымкентте жауын-шашын болмайды. Түнде плюс 12-14, күндіз 25-27 градус ыстық болады деп болжанып отыр.