https://sputnik.kz/20220511/mazhilis-spikeri-ukimet-24749518.html
"Хат жазысайық онда": мәжіліс спикері үкіметтегі министрлерге ескертуін жеткізуді сұрады
"Хат жазысайық онда": мәжіліс спикері үкіметтегі министрлерге ескертуін жеткізуді сұрады
Sputnik Қазақстан
Оған заң жобасы бойынша баяндама жасаған қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтің қойылған сауалдарға мардымды жауап бере алмауы себеп 11.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-11T12:52+0500
2022-05-11T12:52+0500
2022-05-11T12:52+0500
қоғам
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24626632_0:0:2997:1685_1920x0_80_0_0_92a5b75fffd454609bc5c8db45ea5c23.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов парламентке баяндама жасауға келіп, артынша депутаттардың сұрағына жауап бере алмайтын шенеуніктерді сынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мәжіліс отырысында Қырғызстанға әскери техника беру туралы заң жобасын талқылау барысында үкімет мүшелері төменгі палата спикері Ерлан Қошановтан сөз естіді. Оған заң жобасы бойынша баяндама жасаған қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтің қойылған сауалдарға мардымды жауап бере алмауы себеп. Мінберге шыққан Қамалетдинов депутаттардың сұрағынан "жазбаша жауап берейік" деумен құтылды. Осы кезде мәжіліс спикері Ерлан Қошанов ескерту жасады. Айта кетері, мәжіліс "Қазақстан үкіметі мен Қырғыз Республикасының министрлер кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, әскери мүлік қырғыз тарапына өтеусіз негізде және бір рет беріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24626632_326:0:2573:1685_1920x0_80_0_0_db769873f7fd9dd77224ee85ad60f3bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс
"Хат жазысайық онда": мәжіліс спикері үкіметтегі министрлерге ескертуін жеткізуді сұрады
Оған заң жобасы бойынша баяндама жасаған қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтің қойылған сауалдарға мардымды жауап бере алмауы себеп
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов парламентке баяндама жасауға келіп, артынша депутаттардың сұрағына жауап бере алмайтын шенеуніктерді сынады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс отырысында Қырғызстанға әскери техника беру туралы заң жобасын талқылау барысында үкімет мүшелері төменгі палата спикері Ерлан Қошановтан сөз естіді.
Оған заң жобасы бойынша баяндама жасаған қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдиновтің қойылған сауалдарға мардымды жауап бере алмауы себеп.
Мінберге шыққан Қамалетдинов депутаттардың сұрағынан "жазбаша жауап берейік" деумен құтылды. Осы кезде мәжіліс спикері Ерлан Қошанов ескерту жасады.
"Менде бір ескерту бар. Осы жерде үкіметтің өкілі отыр. Баяндамашылар дайындалып келуі керек. Бір сұраққа жазбаша жауап беруге болар, бірақ бүкіл сұрақтың бәріне жазбаша жауап беру деген болмайды. Онда баяндамашыға бұл жерге келіп те қажет емес. Бір-бірімізбен хат жазысып отыруымызға болады. Бұл өзі үлкен тақырып та емес, жұмыс тобында, комитетте қаралды. Осы сұрақтың бәрі көтерілді. Осыған нақты жауап беруге болады ғой. Сондықтан үкіметтің өкіліне де, бүкіл баяндамашыға да осы ескертуді біздің мәжілістен жеткізіңіздер", - деді Қошанов.
Айта кетері, мәжіліс "Қазақстан үкіметі мен Қырғыз Республикасының министрлер кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.
Оған сәйкес, әскери мүлік қырғыз тарапына өтеусіз негізде және бір рет беріледі.