Экономика

Мәжіліс азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасын талқылайды

© Sputnik / Абзал КалиевКасса, ақша
Касса, ақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2022
Жазылу
Қаржы және бюджет комитеті заң жобасы бойынша келер жылы 26 сәуірге дейін қорытынды әзірлейді
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Парламент мәжілісі азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заң жобасын қарап талқылайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайыновтың айтуынша, заң жобасының мақсаты – Қазақстан азаматтарының төлем қабілетсіздігіне байланысты мәселелерді шешу және қазіргі заманғы төлем қабілеттігін қалпына келтіру институтын құру.

"Атап айтқанда, борышкерлерге соттан тыс банкроттық рәсімі, төлем қабілеттігін қалпына келтіру және сот банкроттығы қарастырылған. Сонымен қатар, заң жобасын салалық, заңнамалық актілермен сәйкестендіру және тиісті рәсімдерге қатысушылардың әкімшілік жауапкершілігін белгілеу қажеттілігі көрсетілген", - деді депутат.

Қаржы және бюджет комитеті заң жобасы бойынша келер жылы 26 сәуірге дейін қорытынды әзірлеуге дайын.
Бұдан бөлек, депутаттар осы құжатқа ілеспе заң жобаларын да талқылайды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттар өте маңызды заң жобасын жұмысқа алғанын атап өтті.
"Ол, әсіресе, халық үшін өте сезімтал мәселе. Сол себепті жұмыс тобында заң жобасымен жұмыс істеу барысында қаржы институттары мен қарапайым халық арасында баланс табу қажет. Бұл жүйелі шешім болуы керек. Сол себепті біздің жұмысқа қоғам белсенділерін, сарапшыларды тарту қажет. Барлық талқылау ашық және жария түрде жүрігізілуі керек. Халық біз қабылдаған шешімдердің логикасын түсінуі керек", - деді Қошанов.
Бұған дейін қаржы министрлігі жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірледі. Оған сәйкес, кредит төлей алмаған адамдар қарыз төлеуден құтылады. Бірақ нақты талаптар бар. Банкроттыққа әдейі барғаны үшін әкімшілік, тіпті, қылмыстық жаза да қарастырылған. Заң жобасы жайлы толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.
Жаңалықтар
0