Латвия тұрғындары Рига қаласын азат етушілер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Жазылу
9 мамырда Латвия тұрғындары Рига қаласын азат етушілер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Келесі күні таңертең муниципалдық қызмет трактормен алып кетті. Кешке қарай монументке тағы да гүл ұстаған адамдар келді.
Кейін Рига полициясы азат етушілер ескерткішіне кіретін жолды жауып тастады, деп хабарлайды Sputnik Латвия.
"Бұл шешім қоғамдық қауіпсіздікке, адамдардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне төнетін қатердің алдын алу, арандатулар мен шиеленістерді, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды мүмкіндігінше тоқтату мақсатында қабылданды", - делінген полицияның хабарламасында.
Жаңалықтар
0