Қоғам

Көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген дизельді отынның бағасы арзан болуы керек – министрлік

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтудизель
дизель - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2022
Жазылу
2019 жылмен салыстырғанда дизельді отынның бағасы 8,4 процентке өсіп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген дизельді отынның құны нарықтық бағадан 15-30 процентке төмен болуы керек. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Көктемгі егіс жұмыстарын арналған дизельді отынның бағасы мұнай өңдеу зауыттарында тоннасы үшін 212 мың теңге құрайды. Сонда литріне шаққанда 176 теңге, ал өңірлерге жеткізу мен сақтау шығындарымен бірге есептегенде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін болжамды баға бөлшек сауда бағасынан орташа 15-30 процентке төмен болуы керек", - деді Мағауов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, 2019 жылмен салыстырғанда дизельді отынның бағасы 8,4 процентке өсіп отыр.
Сонда жыл сайынғы өсім 3 проценттен аспай тұр. Биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы өнім өндірушілеріне 400 мың тонна дизельді отын бөлініп отыр.
"Салалық нормаларға сәйкес, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар жыл сайын 1 наурыздан бастап 31 мамырға дейін және 1 тамыздан бастап 31 қазанға дейін ауыл шаруышылығы өнімдерін өндірушілерге басымдық беруге міндетті", - деп атап көрсетті Мағауов.
Жаңалықтар
0