Елордада қызғалдақ гүлдеді – фото
© Photo : Елорда әкімдігінің ресми сайтыНұр-Сұлтанда қызғалдақ гүлдеді
© Photo : Елорда әкімдігінің ресми сайты
Жазылу
Қызғалдақтар екі жыл қатарынан гүлдеп, қала тұрғындарын қуантып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда қызғалдақ гүлдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Соңғы 10 жылда қызғалдақ түйіні алғаш рет 2020 жылдың күзінде отырғызылған болатын. Осылайша қызғалдақтар екі жыл қатарынан гүлдеп, қала тұрғындарын қуантып жатыр.
© Photo : Елорда әкімдігінің ресми сайтыНұр-Сұлтанда қызғалдақ гүлдеді
Нұр-Сұлтанда қызғалдақ гүлдеді
© Photo : Елорда әкімдігінің ресми сайты
"2020 жылдың күзінде біз 132 мың қызғалдақ түйінін отырғыздық. 2021 жылдың мамыр айында гүлдеді, қаламыз құлпырып шыға келді. Қызғалдақтар қала тұрғындарының көңілінен шықты. Өткен күзде тағы 224 мың қызғалдақ түйіні отырғызылды", - дейді "Астана Зеленстрой" ЖШС мамандары.
© Елорда әкімдігінің ресми сайтыНұр-Сұлтанда қызғалдақ гүлдеді
Нұр-Сұлтанда қызғалдақ гүлдеді
Қызғалдақтар Бәйтерек монументі, дөңгелек алаң мен Ботаникалық бақта, оң жағалауда (Абай-Сарыарқа, Республика-Бөгенбай, Жеңіс-Есенберлин, Кенесары-Уәлиханов, Момышұлы даңғылы), орталық алаңда, Бауыржан Момышұлы ескерткішінің жанында гүлдеп тұр. Барлық ауданда қызыл, сары, ақ қызыл гүлді көруге болады. Компания 2020 жылдан бастап көпжылдық гүлдерге басымдық беріп келеді. Ондай гүлдер қаланың климаттық жағдайларына төзімді болады. Қалада жасыл желектер (ағаштар, көшеттер және т.б.) де көптеп отырғызылады. Биыл тағы да 1 миллионға жуық жасыл желек отырғызу жоспарланған. Соның ішінде қаланың жасыл белдеуі мен елді мекендерде егілетін ағаштар да бар.