Елорда әкімі баланы құтқарған жігітті жұмысқа орналастырды

© Photo : Нұр-Сұлтан әкімдігі Алтай Көлгінов терезеден құлап кете жаздаған баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаевты қабылдады
 Алтай Көлгінов терезеден құлап кете жаздаған баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаевты қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов 8-қабаттың терезесінен құлап кете жаздаған баланы құтқарған Сәбит Шонтақбаевты қабылдады.
"Бүгін өз өмірін қатерге тіге отырып, 8-қабаттың терезесінен үш жасар бүлдіршінді құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевтың ерлікке пара-пар қадамына куә болдық. Ол елордаға осы жылдың мамыр айының басында Қызылордадан келген. Сәбитке осындай сәтте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айттым!", - деп жазды Алтай Көлгінов желідегі парақшасында.

Ол әкімдік Сәбиттің отбасына тиісті көмек көрсететінін айтты.
"Білімі мен тәжірибесін ескере отырып, Локомотив зауытының ("Локомотив құрастыру зауыты" АҚ) директорымен Сәбитті жұмысқа орналастыру туралы келістім. Бұрын ол осы сала бойынша ҚТЖ-да жұмыс істеген, мамандығы – вагон шаруашылығы. Бұл салада тәжірибесі бар", - деп атап өтті қала басшысы.
Көлгінов сондай-ақ бүкіл отбасын елордаға көшіріп әкелу туралы ұсыныс жасапты. Сәбит зайыбымен бірге 4 бала (3 ұл, бір қыз) өсіріп отыр.
"Жұбайын жұмысқа тұруына, ал балаларын мектепке және балабақшаға орналастыруға көмектесеміз. Осылайша ресми түрде жұмыс істей отырып, қызметтік тұрғын үйге үміткер бола алады, сондай-ақ өзге де тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алады", - деп толықтырды ол.
Әкім демеушілер есебінен отбасының кредитін өтеуіне көмектесіп, ал жазғы уақытта балаларына Бурабайға жолдама беруге уәде етті.
Терезе, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2022
Оқиға
Нұр-Сұлтандағы оқиға: полиция баланың терезеге қалай шыққанын анықтады
Жаңалықтар
0