https://sputnik.kz/20220511/depozitke-10-otemaqy-avtomatty-turde-24747193.html
Депозитке 10% өтемақы автоматты түрде аударылады – Әбілқасымова
Депозитке 10% өтемақы автоматты түрде аударылады – Әбілқасымова
Sputnik Қазақстан
Оған бір немесе бірнеше екінші деңгейлі банкте және Отбасы банкте ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады 11.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-11T11:18+0500
2022-05-11T11:18+0500
2022-05-11T11:19+0500
экономика
депозит
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4ddc7c868cc05a92f13e7e34ab439aab.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Бюджеттен теңгедегі депозит бойынша 10% өтемақы алу үшін қазақстандықтарға ешқайда барып қажет емес. Өтемақы автоматты түрде аударылады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ол бағдарламаны Ұлттық банк үкіметпен бірлесіп әзірлегенін және іске қосатынын атап өтті. Еске салсақ, теңгедегі депозиттердің тартымдылығын қолдау үшін Ұлттық банк үкіметпен бірлесіп бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы есептеуді көздейтін Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады. Оған бір немесе бірнеше екінші деңгейлі банкте және Отбасы банкте ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады. Теңгедегі депозиттерге 10% мөлшерінде өтемақы аударылады. Бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі депозиттерге және шартты депозиттерге қолданылмайды.
https://sputnik.kz/20220225/qazaqstan-depozit-syyaqy-molsherlemesi-23103055.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_7ef87660891fab34e7923c079ed4310f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
депозит теңге өтемақы компенсация тенге
депозит теңге өтемақы компенсация тенге
Депозитке 10% өтемақы автоматты түрде аударылады – Әбілқасымова
11:18 11.05.2022 (жаңартылды: 11:19 11.05.2022) Оған бір немесе бірнеше екінші деңгейлі банкте және Отбасы банкте ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Бюджеттен теңгедегі депозит бойынша 10% өтемақы алу үшін қазақстандықтарға ешқайда барып қажет емес. Өтемақы автоматты түрде аударылады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол бағдарламаны Ұлттық банк үкіметпен бірлесіп әзірлегенін және іске қосатынын атап өтті.
"Адамдарға өздері барып қажет емес, яғни ешқандай өтініш керек болмайды. Ол автоматты түрде аударылады", - деді Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.
Еске салсақ, теңгедегі депозиттердің тартымдылығын қолдау үшін Ұлттық банк үкіметпен бірлесіп бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы есептеуді көздейтін Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырады.
Оған бір немесе бірнеше екінші деңгейлі банкте және Отбасы банкте ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады.
Теңгедегі депозиттерге 10% мөлшерінде өтемақы аударылады. Бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі депозиттерге және шартты депозиттерге қолданылмайды.