https://sputnik.kz/20220511/almaty-dariger-kudikti-malimdeme-24745961.html
Алматылық дәрігерді атып кеткен күдіктінің анасы мәлімдеме жасады
Алматылық дәрігерді атып кеткен күдіктінің анасы мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Анасы ұлының әрекетін ақтап отырған жоқ, қолымен істегенді мойнымен көтеруге тиіс екенін айтады 11.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-11T10:38+0500
2022-05-11T10:38+0500
2022-05-11T10:38+0500
қоғам
алматы
дәрігер
өлім
https://sputnik.kz/img/07e5/09/14/18179522_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_46ae5f393689893bb4361b19a7a02f58.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Алматылық дәрігер Юрий Шумковты атып өлтірген ер адамның анасы халықтан кешірім сұрап, ұлының осы қылмысқа не себепті барғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап. Ақпан айында гастроэнтеролог Юрий Шумковтың қабылдауына жазылған Нұржанның тұрпаты зіңгіттей болған. Анасының айтуынша, асқазанын тексеру үшін наркозбен зонд өткізгенде кеңірдектегі шеміршегі сынып қалды. Содан тамақ іше алмай, екі айдың ішінде 30 келіге арықтаған. Құр сүлдері қалған жігіт дәрігер қатесін мойындамай, теріс айналғаннан кейін жағаұстатарлық қылмысқа барған. Анасы ұлының әрекетін ақтап отырған жоқ, қолымен істегенді мойнымен көтеруге тиіс екенін айтады. Бірақ анасы ұлы сотқа жетпей өліп кете ме деп алаңдаулы.Себебі тергеу изоляторында оның хәлі күрт нашарлап кеткен. Қағаз жүзінде "денсаулығы қалыпты", бірақ кездесуге зембілмен әкеледі. "Зембілмен әкеліп жолықтырады. Не тұра алмайды, не жүре алмайды, не тамақ іше алмайды. Дәретін, құсып тастаған тамағын жанындағы адамдар төгіп, қарап жатыр. Ал дәрігерлер қағаз жүзінде ғана қарап жатыр. Негізінде ешқандай ем қолданып жатқан жоқ. Дәрігерді өлтірдің деген себепті желеу ететін сияқты", - деп атап көрсетті анасы. 35 жастағы күдікті Нұржан үш баланың әкесі. Жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Бұған дейін істі болмаған. Түрмеге отырса да, "о дүниеге аттанып кетпесін" деп шырылдаған ана жалғыз ұлының нақақтан-нақақ қараусыз өліп кетпегенін қалайды. "Құрметті Қазақстан халқы, 19 миллион халықтың алдында кешірім сұраймын. Баламның қылығына. Қайтыс болған дәрігердің отбасынан, туыстарынан басымды иіп кешірім сұраймын, бізді кешірсін!", - дейді ол. Айта кетері, биыл сәуірдің басында белгілі алматылық гастроэнтеролог Юрий Шумковты атып кетті. Күдікті ұсталды. Ол Шумковтың пациенті болып шықты.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/14/18179522_205:0:1913:1281_1920x0_80_0_0_657c41941f3220ae356c825e91b08703.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, дәрігер, өлім
Алматылық дәрігерді атып кеткен күдіктінің анасы мәлімдеме жасады
Анасы ұлының әрекетін ақтап отырған жоқ, қолымен істегенді мойнымен көтеруге тиіс екенін айтады
НҰР-СҰЛТАН, 11 мамыр – Sputnik. Алматылық дәрігер Юрий Шумковты атып өлтірген ер адамның анасы халықтан кешірім сұрап, ұлының осы қылмысқа не себепті барғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
КТК арнасына сілтеме жасап.
Ақпан айында гастроэнтеролог Юрий Шумковтың қабылдауына жазылған Нұржанның тұрпаты зіңгіттей болған. Анасының айтуынша, асқазанын тексеру үшін наркозбен зонд өткізгенде кеңірдектегі шеміршегі сынып қалды. Содан тамақ іше алмай, екі айдың ішінде 30 келіге арықтаған.
Құр сүлдері қалған жігіт дәрігер қатесін мойындамай, теріс айналғаннан кейін жағаұстатарлық қылмысқа барған.
"Кейін сол дәрігерге келін екеуі қайта барды. Ол тыңдамай салқын шығарып салыпты. Өзге дәрігерлерге де қаралды. Бірақ оған ем көмектеспеді", - дейді анасы.
Анасы ұлының әрекетін ақтап отырған жоқ, қолымен істегенді мойнымен көтеруге тиіс екенін айтады. Бірақ анасы ұлы сотқа жетпей өліп кете ме деп алаңдаулы.
Себебі тергеу изоляторында оның хәлі күрт нашарлап кеткен. Қағаз жүзінде "денсаулығы қалыпты", бірақ кездесуге зембілмен әкеледі.
"Зембілмен әкеліп жолықтырады. Не тұра алмайды, не жүре алмайды, не тамақ іше алмайды. Дәретін, құсып тастаған тамағын жанындағы адамдар төгіп, қарап жатыр. Ал дәрігерлер қағаз жүзінде ғана қарап жатыр. Негізінде ешқандай ем қолданып жатқан жоқ. Дәрігерді өлтірдің деген себепті желеу ететін сияқты", - деп атап көрсетті анасы.
35 жастағы күдікті Нұржан үш баланың әкесі. Жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Бұған дейін істі болмаған. Түрмеге отырса да, "о дүниеге аттанып кетпесін" деп шырылдаған ана жалғыз ұлының нақақтан-нақақ қараусыз өліп кетпегенін қалайды.
"Құрметті Қазақстан халқы, 19 миллион халықтың алдында кешірім сұраймын. Баламның қылығына. Қайтыс болған дәрігердің отбасынан, туыстарынан басымды иіп кешірім сұраймын, бізді кешірсін!", - дейді ол.
Айта кетері, биыл сәуірдің басында белгілі алматылық гастроэнтеролог Юрий Шумковты атып кетті. Күдікті ұсталды. Ол Шумковтың пациенті болып шықты.