Саясат

Тоқаев Ататүріктің рухына тағзым етті

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуАнкара қаласы
Анкара қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2022
Жазылу
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы мемлекеттік сапары Ататүрік кесенесінен басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан БОРТ 1 Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйукес, Тоқаев Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік жерленген жер - Анытқабір кесенесін аралап, танымал тұлғаның рухына тағзым етті. Одан кейін құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
"Онда Қасым-Жомарт Тоқаев тамырлас түрік жұртына зор құрметін білдіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың мәңгі болуын, екі ел ынтымақтастығының арта беруін және бауырлас түрік халқына бақ-береке тіледі", - делінген ресми хабарламада.
Гүлшоғын қою салтанатты рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.
Айта кетері, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Оны "Есенбоға" халықаралық әуежайында Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлға қарсы алды.
Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысады.
Жаңалықтар
0