Семейде Жеңіс күні құрметіне ерекше мерекелік акция өтті – видео

© Photo : arnapress.kzСотни свечей зажгли в Семее в честь Дня Победы
Сотни свечей зажгли в Семее в честь Дня Победы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2022
Жазылу
Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай Семей тұрғындары тоғызыншы мамырдағы дәстүрлі акцияның форматын өзгертті
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр — Sputnik. Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне Семей тұрғындары 600 майшамнан "77" санын құрастырды.
Семейліктер Жеңіс саябағына жиналып, "Майшам жақ" акциясына қатысты. Көптеген тұрғын отбасымен келген.
Еске салу акциясы Семейде көп жылдан бері өткізіліп келеді. Бірақ биыл форматы өзгерді – бұрын майшамдарды "көз жасы тостағанына" түсірді. Осы жолы тұрғындар алты жүзге жуық майшамнан "77" санын бейнеледі.
Акция ұйымдастырушылары – қалалық жастар ресрустық орталығы, деп жазды ArnaPress.
"Биыл майшам жағу акциясын осындай форматта өткізуді ұйғардық. Барлығы 600-ге жуық майшам қажет болды", - дейді орталық маманы Анар Қабиденова.
Мерекелік акцияға қала әкімі Бақытжан Байахметов , әкім орынбасары Айдар Садырбаев және қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов қатысты.
От жағылғаннан кейін қала тұрғындары орталық алаңдағы мерекелік концертті тамашалады. Ал 22:00-де Жеңіс күні құрметіне отшашу болды.
Жаңалықтар
0