Соғыста қаза тапқан қазақ жауынгердің туыстары табылды

© Photo : Предоставлено Александром ШитовымФото погибшего Каиргильды Аубакирова
Фото погибшего Каиргильды Аубакирова - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгердің туыстары байланысқа шықты. Оның сүйегі Ресейдің Смоленск облысында табылған болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Павлодардағы "Майдан Жолы" іздестіру тобына ресейлік еріктілер хабарласып, соғыста қайтыс болған Қайыргелді Әубәкіровтің туыстарын тауып беруді сұраған. Топ жетекшісі Александр Шитовтың айтуынша, күні кеше, 9 мамыр – Жеңіс күнінде қазақстандық жауынгердің туысқаны хабарласты.
"Кеше Жеңіс күні тойланып жатқанда қаза тапқан жауынгердің туысы – Шахай Егінбай Қаркенұлы байланысқа шықты. Нұр-Сұлтанда тұрады екен. Оларда Қайыргелді Әубәкіровтің фотосы да сақталған", - деді Шитов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
© Photo : Предоставлено Александром Шитовым

Қайыргелді Әубәкіровтің фотосы

Қайыргелді Әубәкіровтің фотосы - Sputnik Қазақстан
1/3

Қайыргелді Әубәкіровтің фотосы

© Photo : Предоставлено Александром Шитовым

Қайыргелді Әубәкіровтің фотосы

Қайыргелді Әубәкіровтің фотосы - Sputnik Қазақстан
2/3

Қайыргелді Әубәкіровтің фотосы

© Photo : Предоставлено Александром Шитовым

Қайыргелді Әубәкіровтің фотосы

Қайыргелді Әубәкіровтің фотосы - Sputnik Қазақстан
3/3

Қайыргелді Әубәкіровтің фотосы

1/3

Қайыргелді Әубәкіровтің фотосы

2/3

Қайыргелді Әубәкіровтің фотосы

3/3

Қайыргелді Әубәкіровтің фотосы

Қазіргі кезде қазақстандық жауынгердің сүйегін жерлеу мәселесі пысықталып жатыр.

Қазақстаннан барған жауынгер туралы ақпарат

Биыл 1 мамырда Ресейдің Смоленск облысындағы Духовщинск ауданында іздестіру жұмыстары кезінде шұңқырда 5 жауынгердің сүйегі табылған болатын. Сол жерде бос мойынтұмар болған, қақпағы ашық. Бұдан бөлек, "Үздік снайпер" белгісі мен 139197 Қызыл Жұлдыз ордені. Орденмен 1921 жылы туған Қайыргелді Әубәкіров марапатталған.
Туған жері: Ақмола облысы, Еркіншілік ауданы, 8 ауыл.
Шақырылған жері: Марьяновск аудандық әскери комиссариат, Омбы облысы, Марьяновск ауданы
Әскери қызмет атқарған соңғы жері: 306-шы атқыштар дивизиясы. Әскери шені – аға сержант.
1943 жылы 19 қыркүйекте қайтыс болған.
Жауынгердің сүйегін ресейлік іздестіру топтары - "Глухари" (Мәскеу облысы), "Спас", "Бастион", "П. Ф. Клепач атындағы" (Смоленск облысы) тапқан.
© Photo : Предоставлено Александром ШитовымҚаза тапқан Қайыргелді Әубәкіровтің құжаттары
Фото погибшего Каиргильды Аубакирова - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2022
Қаза тапқан Қайыргелді Әубәкіровтің құжаттары
"Майдан Жолы" іздестіру тобының жетекшісі Александр Шитовтың сөзіне қарағанда, Қайыргелді Әубәкіровтың сүйегін туған жеріне әкелуге мүмкіндік болмады. Себебі ол бауырластар зиратында табылды. Дәл қазір жерленетін жері де анықталған жоқ. Оны жергілікті әкімшілік мейрамдардан кейін шешеді.
"Ал наградаларын Нұр-Сұлтанға жеткізуге болады. Оны тапқан Игорь Юферовтың өзі әкеле алады. Ол маусымның басында Қазақстанға іссапармен келеді. Сол кезде туыстарына бәрін айтып береді", - деп атап көрсетті Шитов.
Жаңалықтар
0