https://sputnik.kz/20220510/qay-onirlerde-azyq-tulik-qymbattap-ketti-24738826.html
Қай өңірлерде азық-түлік қымбаттап кетті
Қай өңірлерде азық-түлік қымбаттап кетті
Sputnik Қазақстан
Премьер-министр сауда және интеграция министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп сауда үстемесін бақылауға назар аударуды тапсырды 10.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-10T17:46+0500
2022-05-10T17:46+0500
2023-08-10T17:15+0500
өңірлер
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/235/89/2358911_0:201:2925:1846_1920x0_80_0_0_161ff7cc0d01d2631c87263c78d19ec3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Үкіметтің цифрлық кеңсесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, өткен аптада Қарағанды облысында ең жоғары баға өсімі (0,4%) тіркелген. Бұдан бөлек, Маңғыстау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 0,3 процентке қымбаттап кетті. Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтың айтуынша, рейдтік іс-шаралар кезінде үй маңындағы 33 мыңнан астам дүкен немесе сауда нысандарының 78,9 проценті тексерілген. Бағаны қымбаттатудың 424 жағдайы анықталып, сауда үстемесі 15 процентке төмендеді. Ал ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры, шамамен, 744 мың тонна. Премьер-министр Әлихан Смайылов сауда және интеграция министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, сауда үстемесін, әсіресе, оны көтерме сауда орындарында бақылауға ерекше назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, "айналым схемасын" қаржыландыруды 100 процентке дейін жеткізу керек.
https://sputnik.kz/20220421/unnyn-bagasy-osti-24350309.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/235/89/2358911_96:0:2827:2048_1920x0_80_0_0_c90276ad1d317fbdf3f3c76bd65d18c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азық-түлік
Қай өңірлерде азық-түлік қымбаттап кетті
17:46 10.05.2022 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) Премьер-министр сауда және интеграция министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп сауда үстемесін бақылауға назар аударуды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Үкіметтің цифрлық кеңсесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан үкіметтің ресми
сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, өткен аптада Қарағанды облысында ең жоғары баға өсімі (0,4%) тіркелген. Бұдан бөлек, Маңғыстау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 0,3 процентке қымбаттап кетті.
Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтың айтуынша, рейдтік іс-шаралар кезінде үй маңындағы 33 мыңнан астам дүкен немесе сауда нысандарының 78,9 проценті тексерілген. Бағаны қымбаттатудың 424 жағдайы анықталып, сауда үстемесі 15 процентке төмендеді.
Ал ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сәйкес, республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры, шамамен, 744 мың тонна.
Премьер-министр Әлихан Смайылов сауда және интеграция министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, сауда үстемесін, әсіресе, оны көтерме сауда орындарында бақылауға ерекше назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, "айналым схемасын" қаржыландыруды 100 процентке дейін жеткізу керек.