Қарағандыда адамдар аттракцион төбесінде кептеліп қалды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуПарк аттракционов, архивное фото
Парк аттракционов, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2022
Жазылу
"Америкалық төбешікте" болған оқиғадан кейін барлық аттракцион тоқтатылды
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Қарағанды қаласының орталық саябағында "америкалық төбешікке" мінген адамдар аттракционның төбесінде тоқтап қалды, деп хабарлайды "Патриот" Telegram-арнасы.
Куәгерлердің айтуынша, вагон арба бір айналып келгеннен кейін тұрып қалды. Зәре-құты қашқан жолаушылар рельспен түсіп кеткен. Оларға аттракцион мамандары көмектесті.
Оқыс оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда саябақ басшылығы барлық аттракционды тоқтатып, тексеріп шығуға шешім қабылдады.
"Иә, ондай жағдай болды. Оқиға қайталанбас үшін техникалық сараптамадан өткен барлық аттракцион тексеріске уақытша тоқтатылады", - дейді саябақтар басқармасының мамандары.
Айта кетері, былтыр қазан айында Қарағандыда роупджампинг аттракционынан секірген әйел көз жұмды. 33 жастағы қарағандылық "Созвездие" қонақүйінің шатырынан секіріп, ауыр жарақат алды. Ауруханада шұғыл түрде ота жасалды. Алайда әйел жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды.
Жаңалықтар
0