Оқиға

Павлодар облысында ірі жол апаты болды

© Photo : Pixabay / Alexas_Fotos Жол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2022
Жазылу
Жол апатында 9 адам жарақат алды
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Павлодар облысында ірі жол апаты кезінде 9 адам жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 9 мамыр кешкі сағат 20:40-та "Қалқаман-Керней" тасжолының 158-ші шақырымында Audi 80 B4 көлігі Volkswagen Crafter-ге соғылды. Екеуі де аударылып кетті. Жол апатында 9 адам жарақат алды. Олар:
22 жастағы қыз; миға зақым тиген, қолы бірнеше жерінен сынған;
36 жастағы ер адам, диагнозы: төбе сүйегі сынған;
36 жастағы әйел, диагнозы: оң жақ бет сүйегі сынған, желке және төбесінен жарақат алды;
17 жастағы жасөспірім, диагнозы: оң қолының саусақтарына зақым тиген, көгерген жері көп;
38 жастағы ер адам, диагнозы; сол қолын соғып алған, сол жақ иық буыны шығып кетті;
51 жастағы ер адам, диагнозы: оң аяғының 3-4 саусағы жұлынып кеткен;
37 жастағы ер адам, диагнозы: кеудесіне зақым келген, оң қолын қатты соғып алды,
36 жастағы әйел, диагнозы: оң қолының 5 саусағы жұлынған;
51 жастағы ер адам (Ресей азаматы), диагнозы: көгерген жері көп.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша үш адам – 1986 жылы туған ер адам, 1986 жылы туған әйел және 2005 жылғы жасөспірім санавиациямен қалалық ауруханаға жеткізілді.
"Бүгін жасөспірім облыстық балалар ауруханасына ауыстырылады. Әйел анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Ер адам нейрохирургия бөлімінде, оның жағдайы орташа ауыр болып отыр", - дейді дәрігерлер.
Бұдан бөлек, 22 жастағы қызды санитарлық авиациямен 1-ші қалалық ауруханаға жеткізуге шешім қабылданды. Бес адам үйге жіберіледі. Полиция сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.
Жаңалықтар
0