Өңірлер

Алматыда Қасым ханның алып суреті салынды – видео

© Photo : КазахфильмМурал с изображением Касым хана
Мурал с изображением Касым хана - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2022
Жазылу
Муралды салуға бір апта кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Алматыда Grand Park ойын-сауық сауда кешенінің қабырғасында Қасым ханның алып суреті салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Танымал тарихи тұлғаның суреті Қабдолов пен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында анық көрінеді.
Муралды жас суретшілер Карина Әзімжанова мен Гафур Қайырбеков салып шықты. Оған бір апта кеткен. Қасым ханның алып суретіне 120 аэрозольды баллон жұмсалды.
Арт-жоба Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының тапсырысы бойынша "Ұлы дала таңы" фильмінің прокатқа шығуына орай салынып отыр. Фильм режиссері - Ақан Сатаев. "Ұлы дала таңы" тарихи фильмі 12 мамырдан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіледі.
Қасым хан (1445—1521) — қазақтың ұлы хандарының бірі, әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы. Оның тұсында Қазақ хандығы өркендеп, Дешті-қыпшақтың шығыс жерлерін бақылауға алды.
Жаңалықтар
0