Президент Жеңіс күніне орай бірқатар мемлекет басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне орай бірқатар мемлекеттің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының 77 жылдығына орай Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттеріне және үкіметтерінің басшыларына құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан президенті өз құттықтауында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне алғысын жолдап, оларға зор денсаулық, ұзақ өмір және құт-береке тіледі.
Жаңалықтар
0