Шығыс Қазақстанда жол апатынан алты адам қаза тапты

© Sputnik / СтрингерЖол апаты, архивтегі фото
Жол апаты, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2022
Жазылу
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты. Жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысындағы Омбы-Майқапшағай тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Автокөлік қарсы жолаққа шығып кетіп, басқа көлікпен соқтығысып, 6 адам қаза тапты.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бір күн бұрын Жарма ауданындағы Шар қаласы аумағында болған.
"Ssang Yong Actyon көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Жарма ауданы бағытында келе жатып, рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, ВАЗ-21014 көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ВАЗ-21014 көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен оның 5 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ssang Yong Actyon көлігінің 35 жастағы жүргізушісі мен кәмелетке толмаған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
Жаңалықтар
0