Ресейдің Қазақстандағы елшісі генерал Панфиловтың ескерткішіне гүл қойды

© PhotoАлексей Бородавкин
Алексей Бородавкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2022
Жазылу
Ресей дипломатиялық миссиясының басшысы Қазақстанның Жеңіске қосқан баға жетпес үлесіне және республикадағы Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді сақтау шараларына жеке тоқталды
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеуге орай Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, елшілік пен қорғаныс мәселелері жөніндегі атташе аппаратының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан генерал Иван Панфилов пен 28 панфиловшы батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Журналистермен сұхбаттасу барысында елші Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жаһандық тарихи маңызын, КСРО-ның нацизмді жоюға қосқан үлесін және Қызыл Армия жауынгерлері мен тыл еңбеккерлерінің батырлығын атап өтті.
Ресей дипломатиялық миссиясының басшысы Қазақстанның Жеңіске қосқан баға жетпес үлесіне және республикадағы Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді сақтау шараларына жеке тоқталды.
Сұхбат соңында Алексей Бородавкин барша қазақстандықтар мен отандастарды Жеңіс күнімен құттықтады.
Жаңалықтар
0