https://sputnik.kz/20220509/qonaev-qala-atau-24715423.html
Қонаев тұрғындары қала атауының өзгеруін салтанатты түрде атап өтті
Қонаев тұрғындары қала атауының өзгеруін салтанатты түрде атап өтті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Бұрынғы Қапшағай тұрғындары қалаға Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілуін ресми түрде атап өтті. 09.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-09T13:33+0500
2022-05-09T13:33+0500
2022-05-09T13:33+0500
қапшағай
дінмұхамед қонаев
https://sputnik.kz/img/07e6/05/08/24713711_0:107:3073:1835_1920x0_80_0_0_93d4539ce6bc6b6bf50384e9c36fd09b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Бұрынғы Қапшағай тұрғындары қалаға Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілуін ресми түрде атап өтті.Қала тұрғындары қонақтармен бірге алдымен орталық алаңдағы Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шараға мемлекет қайраткерінің туған-туыстары, замандастары мен әріптестері шақырылды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мұнда Алматыдағы Д.А.Қонаев атындағы музейдің экспонаттарының көшпелі көрмесі қойылды. Көрмеде Дінмұхамед Ахметұлының жеке заттары ұсынылды, фотокөрме, мерекелік концерт ұйымдастырылдыОның айтуынша, алдағы уақытта Қонаев пен Алматы қалаларының арасын серіктес қалалар жалғайды. Қазір қажетті инфрақұрылым жасалған, қала одан әрі де дамиды. Бұл ретте жобаның жаңартылған тұжырымдамасында қала экономикасының өнеркәсіптік, туристік, ойын-сауықтық бағыттарын дамыту қарастырылған. Яғни бюджет түсімі мен тартылатын инвестиция көлемі артады деген сөз.Қала атауын өзгертумемлекет қайраткерінің 110 жылдықмерейтойымен тұспа-тұс келді. Оның туған-туыстары Қазақстан халқына алғысын білдірді."Ол Алматы облысына ерекше көңіл аударатын, ал сайын далаға тұрғызылған Қапшағай қаласына деген ықыласы бөлек еді. Оның барлық қалыптасу, даму процестері Дінмұхамед Ахметұлының жіті назарында болды. Сондықтан біз қайраткердің 110 жылдық мерейтойлық кезеңінде атын Қапшағай қаласына беру туралы жаңалықты қуанышпен қабылдадық", – деді Д.Қонаевтың туысы, қайраткер атындағықордың президенті Эльдар Қонаев.
https://sputnik.kz/20220503/qapshagay-qonaev-bolyp-ozgerdi-24618462.html
қапшағай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/08/24713711_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_673636b66fe0d774480f7c67dba15182.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қапшағай, дінмұхамед қонаев
қапшағай, дінмұхамед қонаев
Қонаев тұрғындары қала атауының өзгеруін салтанатты түрде атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Бұрынғы Қапшағай тұрғындары қалаға Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілуін ресми түрде атап өтті.
Қала тұрғындары қонақтармен бірге алдымен орталық алаңдағы Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты шараға мемлекет қайраткерінің туған-туыстары, замандастары мен әріптестері шақырылды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мұнда Алматыдағы Д.А.Қонаев атындағы музейдің экспонаттарының көшпелі көрмесі қойылды. Көрмеде Дінмұхамед Ахметұлының жеке заттары ұсынылды, фотокөрме, мерекелік концерт ұйымдастырылды
"Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев елімізде 43 қаланың салынуына атсалысты. Соның 7-еуі Алматы облысындағы Есік, Қаскелең, Сарқан, Талғар, Үшарал, Үштөбе, сосын, әрине, осы Қапшағай, яғни қазіргі Қонаев қаласы. Сондықтан өзі салдырған қалалардың біріне атын беру – лайықты құрмет көрсету деп білеміз. Қаланы қалыптастыру, ГЭС пен су қоймасын салу – Дінмұхамед Қонаевтың тікелей еңбегі. ҚалаАлматы облысының орталығы болады деп бекітілді. Бұл қаланың дамуына жаңа серпін береді, - деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.
Оның айтуынша, алдағы уақытта Қонаев пен Алматы қалаларының арасын серіктес қалалар жалғайды. Қазір қажетті инфрақұрылым жасалған, қала одан әрі де дамиды. Бұл ретте жобаның жаңартылған тұжырымдамасында қала экономикасының өнеркәсіптік, туристік, ойын-сауықтық бағыттарын дамыту қарастырылған. Яғни бюджет түсімі мен тартылатын инвестиция көлемі артады деген сөз.
Қала атауын өзгертумемлекет қайраткерінің 110 жылдықмерейтойымен тұспа-тұс келді. Оның туған-туыстары Қазақстан халқына алғысын білдірді.
"Ол Алматы облысына ерекше көңіл аударатын, ал сайын далаға тұрғызылған Қапшағай қаласына деген ықыласы бөлек еді. Оның барлық қалыптасу, даму процестері Дінмұхамед Ахметұлының жіті назарында болды. Сондықтан біз қайраткердің 110 жылдық мерейтойлық кезеңінде атын Қапшағай қаласына беру туралы жаңалықты қуанышпен қабылдадық", – деді Д.Қонаевтың туысы, қайраткер атындағықордың президенті Эльдар Қонаев.