https://sputnik.kz/20220509/askeri-qyzmetshiler-ardagerler-zhenis-kuni-24720930.html
Әскери қызметшілер ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
Әскери қызметшілер ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
Қазақстаннан майданға 1,2 миллионға жуық адам аттанды, оның жартысы соғыстан оралмады 09.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-09T13:59+0500
2022-05-09T13:59+0500
2023-08-09T09:51+0500
9 мамыр – жеңіс күні
https://sputnik.kz/img/07e6/05/09/24720225_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d177aaeee3bcc51774906254de4b58e9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр — Sputnik. Еліміздің барлық өңірінде Қазақстан армиясының жауынгерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған еске алу шараларына қатысты.Әскери қызметшілер даңқ мемориалдары мен соғыс ардагерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.Нұр-Сұлтанда Жеңіс даңғылындағы монументке гүл шоқтарын қою рәсіміне қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты.Бүкіл гарнизонда әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін аралады. Ардагерлер тұратын жерлерде салтанатты шаралар ұйымдастырылып, әскери оркестрлер соғыс жылдарының әуендерін орындады.Жеңіс күнінің Қазақстан үшін тарихи маңызы бар. Қазақстаннан майданға шамамен 1 200 000 адам аттанып, оның жартысы соғыстан қайта оралмады. Республикада 12 атқыштар және 4 кавалерия дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полк пен батальон құрылды.Қазақстан стратегиялық тыл ретінде де маңызды рөл атқарды. Соғыс жылдары Қарағанды облысы 35 миллион тонна көмірмен қамтамасыз етті. Тыл еңбеккерлері майданға 5 миллион тоннадан астам нан және 700 мың тоннадан астам ет жіберді. Соғысқа арналған 10 оқтың 9-ы қазақ жерінің қорғасынынан құйылды.Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/09/24720225_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_c37f8ae2eefa8990d7f4415beccb1d1f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
9 мамыр – жеңіс күні
Әскери қызметшілер ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
13:59 09.05.2022 (жаңартылды: 09:51 09.08.2023) Қазақстаннан майданға 1,2 миллионға жуық адам аттанды, оның жартысы соғыстан оралмады
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр — Sputnik. Еліміздің барлық өңірінде Қазақстан армиясының жауынгерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған еске алу шараларына қатысты.
Әскери қызметшілер даңқ мемориалдары мен соғыс ардагерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Нұр-Сұлтанда Жеңіс даңғылындағы монументке гүл шоқтарын қою рәсіміне қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты.
Бүкіл гарнизонда әскери қызметшілер Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін аралады. Ардагерлер тұратын жерлерде салтанатты шаралар ұйымдастырылып, әскери оркестрлер соғыс жылдарының әуендерін орындады.
Жеңіс күнінің Қазақстан үшін тарихи маңызы бар. Қазақстаннан майданға шамамен 1 200 000 адам аттанып, оның жартысы соғыстан қайта оралмады. Республикада 12 атқыштар және 4 кавалерия дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полк пен батальон құрылды.
Қазақстан стратегиялық тыл ретінде де маңызды рөл атқарды. Соғыс жылдары Қарағанды облысы 35 миллион тонна көмірмен қамтамасыз етті. Тыл еңбеккерлері майданға 5 миллион тоннадан астам нан және 700 мың тоннадан астам ет жіберді. Соғысқа арналған 10 оқтың 9-ы қазақ жерінің қорғасынынан құйылды.
Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының батыры атағы берілді.