https://sputnik.kz/20220509/almaty-politseyler-sogys-ardageri-24716985.html
Алматы полицейлері 98 жастағы соғыс ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады
Алматы полицейлері 98 жастағы соғыс ардагерін Жеңіс күнімен құттықтады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Алматы полиция департаменті 98 жастағы ҰОС ардагері Қамбар Сәрсеновті Жеңіс күнімен құттықтады. 09.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-09T10:11+0500
2022-05-09T10:11+0500
2023-08-09T09:51+0500
полиция
9 мамыр – жеңіс күні
https://sputnik.kz/img/07e6/05/09/24715386_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a94cc5d2fae67039f8886d64d22e127b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Алматы полиция департаменті 98 жастағы ҰОС ардагері Қамбар Сәрсеновті Жеңіс күнімен құттықтады.9 мамыр күні таңертең оның үйінің алдында полиция департаментінің оркестрі сап түзеп, музыканттар ардагерге арнап соғыс жылдарындағы әндерді орындады.Қамбар Сәрсенов 1924 жылы Қостанай облысының Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ауылында дүниеге келген.1942 жылы тамызда он жеті жасында Орал әскери округінің 3-ші жеке оқу бригадасы мергендер мектебінің курсанты болып Қызыл Армия қатарына шақырылды.1943 жылдың маусымында жас сарбаз Калининнің 4-ші соққы беретін армиясының 19-шы мергендер полкінің құрамында, содан кейін 1-ші Балтық және 3-ші Беларусь майдандарының шебінде болды. Калинин және Псков облыстарын азат етті.1944 жылдан бастап 51-і Қызыл Ту двизиясының 30-шы жеке барлау ротасында, Витебск атқыштар дивизиясында қызмет етті.Беларусьті, Латвияны, Литваны, Польшаны, Кенинсберг қаласын азат етті. Ауыр жарақата алды.Соғыстың соңғы айларында барлаушы батыр тағы екі рет жараланып, Жеңіс күнін Конинсбергте қарсы алып, Польшаға жіберіледі. Үш рет жараланғаннан кейін ғана демобилизацияланды.Қамбар Әмірұлы 1947 жылы аудандық комсомол комитетінде екінші хатшы болып істегеннен кейін Алматы қаласындағы КСРО Ішкі істер министрлігінің үш жылдық офицерлер мектебіне курсант болып оқуға түседі.1950-1980 жылдары Қамбар Сәрсенов ішкі істер органдарында қызмет етті. Ол кіші лейтенанттан полковникке дейінгі, қатардағы жедел уәкілден Қазақстан ішкі істер министрлігі мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығына дейінгі жолдан өтті.1980-1997 жылдары Қамбар Сәрсенов Алматы қаласындағы стратегиялық нысандарды күзету бойынша Азаматтық қорғаныс жүйесінде жұмыс істеді.Отан алдындағы жанқиярлық қызметі және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін полковник Қамбар Сәрсенов көптеген үкіметтік наградамен марапатталған, "КСРО милициясының үздігі" төс белгісінің иегері. Ұлы Отан соғысының 1-ші және 2-ші дәрежелі ордендерімен, 2-ші және 3-ші дәрежелі Даңқ ордендерімен, Қызыл Жұлдыз орденімен және "Әскери еңбегі үшін" және "Кенигсбергті алғаны үшін" медальдарымен марапатталған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/09/24715386_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_827f5170dba2afbad5306cb2bb55ad63.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, 9 мамыр – жеңіс күні
полиция, 9 мамыр – жеңіс күні
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Алматы полиция департаменті 98 жастағы ҰОС ардагері Қамбар Сәрсеновті Жеңіс күнімен құттықтады.
9 мамыр күні таңертең оның үйінің алдында полиция департаментінің оркестрі сап түзеп, музыканттар ардагерге арнап соғыс жылдарындағы әндерді орындады.
Қамбар Сәрсенов 1924 жылы Қостанай облысының Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ауылында дүниеге келген.
1942 жылы тамызда он жеті жасында Орал әскери округінің 3-ші жеке оқу бригадасы мергендер мектебінің курсанты болып Қызыл Армия қатарына шақырылды.
1943 жылдың маусымында жас сарбаз Калининнің 4-ші соққы беретін армиясының 19-шы мергендер полкінің құрамында, содан кейін 1-ші Балтық және 3-ші Беларусь майдандарының шебінде болды. Калинин және Псков облыстарын азат етті.
1944 жылдан бастап 51-і Қызыл Ту двизиясының 30-шы жеке барлау ротасында, Витебск атқыштар дивизиясында қызмет етті.
Беларусьті, Латвияны, Литваны, Польшаны, Кенинсберг қаласын азат етті. Ауыр жарақата алды.
Соғыстың соңғы айларында барлаушы батыр тағы екі рет жараланып, Жеңіс күнін Конинсбергте қарсы алып, Польшаға жіберіледі. Үш рет жараланғаннан кейін ғана демобилизацияланды.
Қамбар Әмірұлы 1947 жылы аудандық комсомол комитетінде екінші хатшы болып істегеннен кейін Алматы қаласындағы КСРО Ішкі істер министрлігінің үш жылдық офицерлер мектебіне курсант болып оқуға түседі.
1950-1980 жылдары Қамбар Сәрсенов ішкі істер органдарында қызмет етті. Ол кіші лейтенанттан полковникке дейінгі, қатардағы жедел уәкілден Қазақстан ішкі істер министрлігі мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығына дейінгі жолдан өтті.
1980-1997 жылдары Қамбар Сәрсенов Алматы қаласындағы стратегиялық нысандарды күзету бойынша Азаматтық қорғаныс жүйесінде жұмыс істеді.
Отан алдындағы жанқиярлық қызметі және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін полковник Қамбар Сәрсенов көптеген үкіметтік наградамен марапатталған, "КСРО милициясының үздігі" төс белгісінің иегері. Ұлы Отан соғысының 1-ші және 2-ші дәрежелі ордендерімен, 2-ші және 3-ші дәрежелі Даңқ ордендерімен, Қызыл Жұлдыз орденімен және "Әскери еңбегі үшін" және "Кенигсбергті алғаны үшін" медальдарымен марапатталған.