https://sputnik.kz/20220508/reseylik-boksshydan-zhenilgen-kanelo-kuzde-golovkinmen-zhekpe-zhek-otkizbeui-mumkin-24706785.html
Ресейлік боксшыдан жеңілген Канело күзде Головкинмен жекпе-жек өткізбеуі мүмкін
Ресейлік боксшыдан жеңілген Канело күзде Головкинмен жекпе-жек өткізбеуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Matchroom Boxing промоутері Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің қыркүйекке жоспарланған үшінші жекпе-жегі... 08.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-08T11:59+0500
2022-05-08T11:59+0500
2022-05-08T12:07+0500
сауль "канело" альварес
спорт
https://sputnik.kz/img/724/41/7244180_0:62:4363:2516_1920x0_80_0_0_6e1d1ce29de894a9ce8f527769d99564.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Matchroom Boxing промоутері Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің қыркүйекке жоспарланған үшінші жекпе-жегі өтпеуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.Оған мексикалық боксшының бүгін Лас-Вегаста ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліп қалуы себеп.Төрешілер жеңісті бірауыздан ресейлік спортшыға берді. Осылайша "Канело" жартылай ауыр салмақта WBA әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жекте жеңіліс тапты. Альварестің өзі кездесуден кейін Биволмен қайта жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.Еске салсақ, 9 сәуірде GGG жапониялық Риота Муратаны өз отанында нокаутқа жіберіп, IBF және WBA Super белбеулерін біріктірді. Енді оның келесі қарсыласы – мексикалық Сауль Альварес. Бірақ Канело 7 мамырда өткен бокс кешінде ресейлік Дмитрий Биволды жеңуі керек еді. Алайда мексикалық боксшы бұл жолы жеңіліп қалды. Бұған дейін Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жекті өткізу туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Бокс кеші 17 қыркүйекке жоспарланды.
https://sputnik.kz/20220508/kanelo-reseylik-boksshy-zhenilip-qaldy-24705644.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/724/41/7244180_105:0:3894:2842_1920x0_80_0_0_42c753764b0983c95e9900970846a31c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сауль "канело" альварес
Ресейлік боксшыдан жеңілген Канело күзде Головкинмен жекпе-жек өткізбеуі мүмкін
11:59 08.05.2022 (жаңартылды: 12:07 08.05.2022) НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Matchroom Boxing промоутері Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің қыркүйекке жоспарланған үшінші жекпе-жегі өтпеуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sports.kz. Оған мексикалық боксшының бүгін Лас-Вегаста ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліп қалуы себеп.
Төрешілер жеңісті бірауыздан ресейлік спортшыға берді. Осылайша "Канело" жартылай ауыр салмақта WBA әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жекте жеңіліс тапты. Альварестің өзі кездесуден кейін Биволмен қайта жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.
"Егер Сауль бүгін жеңгенде, біз Геннадий Головкинмен трилогия болатынын жариялайтын едік. Бірақ енді оның орнына Биволмен қыркүйекте үлкен рематч күтеміз. Егер Сауль келіссе, әрине. Ал мен бұл адамды танимын, сондықтан екінші жекпе-жектің өтуі әбден мүмкін", - деді Хирн.
Еске салсақ, 9 сәуірде GGG жапониялық Риота Муратаны өз отанында нокаутқа жіберіп, IBF және WBA Super белбеулерін біріктірді. Енді оның келесі қарсыласы – мексикалық Сауль Альварес. Бірақ Канело 7 мамырда өткен бокс кешінде ресейлік Дмитрий Биволды жеңуі керек еді. Алайда мексикалық боксшы бұл жолы жеңіліп қалды.
Бұған дейін Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жекті өткізу туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Бокс кеші 17 қыркүйекке жоспарланды.