Головкин Канелоны жеңген ресейлік боксшыны құттықтады

© AP Photo / Richard DrewГеннадий Головкин
Геннадий Головкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин ресейлік боксшы Дмитрий Биволды жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"@bivol_d жеңісіңмен құттықтаймын! Айқын жеңдің. Осы бетіңнен қайтпа!", - деп жазды Головкин.
Еске сала кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Дмитрий Бивол мексикалық Сауль "Канело" Альваресті төрешілердің шешімімен ұтты.
Matchroom Boxing промоутері Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің қыркүйекке жоспарланған үшінші жекпе-жегі өтпеуі мүмкін екенін мәлімдеді. Альварестің өзі кездесуден кейін Биволмен қайта жұдырықтасқысы келетінін айтты.
9 сәуірде GGG жапониялық Риота Муратаны өз отанында нокаутқа жіберіп, IBF және WBA Super белбеулерін біріктірді. Оның келесі қарсыласы мексикалық Сауль Альварес болуға тиіс еді. Алайда мексикалық боксшы 7 мамырдағы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.
Бұған дейін Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жекті өткізу туралы келісімшартқа қол қойған болатын. Бокс кеші 17 қыркүйекке жоспарланды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2022
Спорт
Күтпеген жағдай: Канело ресейлік боксшыдан жеңіліп қалды
Жаңалықтар
0