Алматы маңында бір тәулікте екі рет жер сілкінді

© Sputnik / Тимур БатыршинСейсмографтың деректері
Сейсмографтың деректері - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2022
Жазылу
Қазақстанның сейсмологтары Алматының солтүстік-шығысында тағы бір жер сілкінісін тіркеді
НҰР-СҰЛТАН, 8 мамыр – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мамандары 8 мамыр күні сағат түскі бір жарымда Алматының солтүстік-шығысында жер сілкінісін тіркеді. Бұл бір тәулік ішіндегі екінші жер сілкінісі.
"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС мамандарының мәліметінше, жер сілкінісі қаладан солтүстік-шығысқа қарай 114 шақырым жерде болған.
"8 мамырда сағат 13.31-де жер сілкінісі болды. Энергетикалық класы 8,7. MPV магнитудасы 4,4. Жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат жоқ", - делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, 7 мамыр күні сағат 16.15-те Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 222 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,4. MPV магнитудасы 3,7. Тереңдігі 10 километр", - деп атап өтті сейсмологтар.
Жер сілкінісінің сезілгені, сондай-ақ инфрақұрылымның зақымданғаны туралы ақпарат жоқ.
Жаңалықтар
0