Оқиға

Жамбыл облысында бір топ адам полицейлерге шабуыл жасады - видео

© Photo : ДВД АлматыҚару
Қару - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2022
Жазылу
Оқиғаның барлық қатысушысы анықталды
АЛМАТЫ, 7 мамыр - Sputnik. Жамбыл облысы Шу ауданының полицейлеріне бір топ ер адам шабуыл жасады. Желіде тараған кадрларда бірнеше адам полиция қызметкерін сүйреп бара жатқаны көрінеді. Оқ атылған дыбыс естіледі.
Жамбыл облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"7 мамырға қараған түні Шу аудандық полиция бөліміне бір топ адамның полиция қызметкерлеріне қатысты күш қолданғаны туралы хабарлама келіп түсті", - деді полицияның баспасөз қызметі.
Патрульдік полиция қызметкерлері Шу қаласының вокзал маңы алаңының жанында "ВАЗ-21014" маркалы автокөлігін тоқтатқан. Көліктің алдыңғы мемлекеттік нөмірі болмаған. Мән-жайды анықтау кезінде көліктің жүргізушісі мен жолаушылары заңды талаптарға бағынбай, басқа таныс адамдарымен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсеткен.
Шу полиция бөлімі бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігі ("билік өкіліне қатысты күш қолдану") бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Заңсыз әрекеттердің барлық қатысушысы анықталды, жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық қолданған адамдар қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптары бойынша ұсталды.
Полиция тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеудің басқа деректерін жария етпейді.
Жаңалықтар
0