"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" Каспийге төгіліп жатқан сұйықтыққа қатысты түсініктеме берді

© Photo : Скриншот видеоСлив черной массы в Каспий прокомментировали в МАЭК
Слив черной массы в Каспий прокомментировали в МАЭК - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2022
Жазылу
Бұған дейін Каспийге қара сұйыұтық төгіліп жатқаны турады жазған болатынбыз
НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС Каспийге ағызылып жатқан қара сұйықтыққа қатысты түсініктеме берді.
Компания хабарлауынша, ЖЭО-1 суалу каналы орталыққа технологиялық қажеттіліктер үшін теңіз суын жіберу және "Каспий" тұщы су зауытына ауыз су әзірлеу үшін пайдаланылады.
Каспийдің таяздануына байланысты суалу каналындағы су деңгейі төмендеп кетті, кейбір жер шөлейттеніп жатыр.
"Теңіз суының деңгейін қалыпты мөлшерге жеткізу және ЖЭО мен тұщы су жұмысының тоқтауына жол бермеу мақсатында компания теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Компания мәліметінше теңіз түбін тереңдету жұмыстары жерасты снарядтарының көмегімен механикалық түрде жүзеге асырылуда, ал ағып жатқан су ешбір қоспасыз сол теңіз суы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Каспийге қара сұйыұтық төгіліп жатқаны турады жазған болатынбыз.
Жаңалықтар
0