Қоғам

Президент қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

© Photo : Facebook / Берік УәлиКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2022
Жазылу
Ержүрек жауынгерлеріміз ел сенімін ақтайды деп сенемін, деді президент.
НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен бүгінгі буынның туған елге қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мереке, деп атап өтті президент.
"Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейді. Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы кезеңде айбынды армиямыз қастерлі Тәуелсіздігіміздің және мемлекеттілігіміздің мызғымас қорғанына айналды.Қорғаныс әлеуетімізді арттыру, сарбаздардың дайындығын күшейтіп, оларға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі, - деді мемлекет басшысы.
Ол бейбіт өміріміз бен тыныштығымызды, жеріміздің тұтастығын сақтау үшін қызмет етіп жүрген сардарлар мен сарбаздарға ризашылығын білдірді.
"Ержүрек жауынгерлеріміз ел сенімін ақтайды деп сенемін!", - деді президент.
Жаңалықтар
0