Оқиға

Шымбұлақ шыңына көтерілген ерлі-зайыпты өздері төмен түсе алмай қалды

© Photo : РОСОЕрлі-зайыпты Шымбұлақ шыңында қалып қойды
Ерлі-зайыпты Шымбұлақ шыңында қалып қойды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2022
Жазылу
Құтқарушылар тауға шығар алдында бағытты мұқият анықтап білу қажет екенін еске салды
АЛМАТЫ, 7 мамыр - Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Іле Алатауы тауларында ерлі-зайыптыны құтқарды.
Шымбұлақ шыңы маңынан ер адам мен әйел өздігінен түсе алмайтыны туралы хабарлама 6 мамыр сағат 17.03-те кезекші-диспетчерлік бөлімге түскен.
8 адамнан тұратын жедел топ және бір кинологиялық құрам тауға шықты. 18 сағат 15 минутта құтқарушылар Талғар асуына барып, көмек сұрағандарға жаяу жетті.
"Тұман мен қар болды. 19 сағат 10 минутта республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мен құтқару қызметінің мамандары бірлесе зардап шеккендерді тапты. Туристерді төмен түсіре бастады", – деп түсіндірді республикалық отрядтың баспасөз қызметі.
1997 жылы туған әйел мен 1996 жылы туған ер адам құтқарылған.
Құтқарушылар тауға шығар алдында тау маршрутының ерекшелігін мұқият қарауға кеңес береді. Сондай-ақ, жолдың бірінші бөлігін күннің бірінші жартысында жүріп өту керек. Туыстарына қалаға нешеде оралуды жоспарлайтынын да міндетті түрде ескертуге тиіс.
Электрондық құрылғыларды, жылы киімдерді және су өткізбейтін пакеттегі сіріңкелерді, зарядтау үшін пауэрбанк бірге алып жүру қажет.
Жаңалықтар
0