Жеті мемлекеттің елшісі Жапонияда кеңес одағы барлаушысының зиратына гүл қойды

Жазылу
Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан елшілері аты аңызға айналған кеңестік барлаушы Рихард Зоргенің Жапониядағы зиратына гүл шоқтарын қойды, деп хабарлады РИА Новости.
"Зоргенің ақыл-ойының арқасында кең әрі тиімділігі жоғары агенттер желісі қалыптасты. Бұл желі Рихард Зоргеге Мәскеуге Жапония мен Германияның саясаты туралы маңызды ақпарат жолдауға мүмкіндік берді. Ол нацистік Германияның КСРО-ға шабуыл жасайтын күнін нақты хабарлағандардың бірі", - деді ресейлік елші Михаил Галузин.
Гүл шоқтарын қойған соң дипломаттар бір минут үнсіздік жариялап, кеңестік жауынгерді еске алды.
Кеңестік барлаушы Рихард Зорге 1933 жылдан бері Жапонияда неміс газетінің тілшісі ретінде жұмыс істеген. Оның өте сауатты аналитикалық мақалалары Германия елшілігіндегі қызметке жол ашты.
Жаңалықтар
0