Қоғам

Жаңадан үш облыстың құрылуына байланысты сайлау учаскелерінің саны арта ма

© Sputnik / Абзал Калиевсайлау учаскесі
сайлау учаскесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2022
Жазылу
Бірінші сәуірдегі жағдай бойынша республикада 10 мыңнан астам сайлау учаскесі бар
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстанда жаңадан құрылған үш облысқа байланысты сайлау учаскелерінің саны артпайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, жаңа үш облыс – Абай, Ұлытау және Жетісу өңірлері референдум аяқталғаннан кейін ғана құрылады.
"Президент жарлыққа қол қойды. Бірақ ол 8 маусымда ғана күшіне енеді. Сондықтан қазіргі таңда жаңа өңірлердің аумақтық комиссияларын, қосымша сайлау учаскелерін ашу қарастырылып жатқан жоқ", -деді Петров орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.
Ол жарлық күшіне енгеннен кейін ОСК жаңа облыстарда аумақтық комиссиялар құра бастайтынын атап өтті.
Петровтың айтуынша, референдум өткізуге тартылатын комиссиялар мен сайлау учаскелерінің нақты саны бұқаралық ақпарат құралдарында 15 мамырда жарияланады.
"Қазіргі таңда 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 10 020 сайлау учаскесі бар. Бұл цифр әлі нақтыланады. Өйткені әкімдердің шешімімен олардың санына өзгеріс енгізілуі мүмкін. Бұл жұмыстың бәрі он бесінші мамырға дейін аяқталады", - деді Петров.
Жаңалықтар
0