https://sputnik.kz/20220506/turkistan-oblysy-zhogalgan-oqushy-24673877.html
Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалған оқушы қыз табылды
Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалған оқушы қыз табылды
Sputnik Қазақстан
11-сыныптың оқушысы үш күн бойы Түлкібас қаласындағы құрбыларының үйін паналаған 06.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-06T10:06+0500
2022-05-06T10:06+0500
2022-05-06T10:06+0500
өңірлер
із-түзсіз жоғалу
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15611292_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_0fa2f698bacef7fe4dc9548b9624bf2f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған қызды тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап. Түлкібас аудандық полиция бөліміне кәмелетке толмаған қыздың жоғалғаны туралы ақпарат түсті. Анасы хабарласып, екеуінің арасында келіспеушілік болғанын айтқан. Содан 17 жастағы бойжеткен үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Қызы бес күн бойы байланысқа шықпады. Анасы жақын туыстарға да хабарласып көрген. Бірақ оқушы қыз табылмады. Осыдан кейін әйел полицияның көмегіне жүгінді. Жедел жұмыстың нәтижесінде бойжеткен бір тәуліктің ішінде табылды. Оқушы қыз Шымкент қаласында жүрген. Түлкібастық сақшылар оны аудандық бөлімге жеткізіп, анасымен аман-есен қауыштырды. Сөйтсе, бұған дейін жасөспірім қыз бір рет үйден кетіп қалған. Бірақ артынан қайтып келді. Содан анасы бірден іздеу салмаған. 11-сыныптың оқушысы үш күн бойы Түлкібас қаласындағы құрбыларының үйін паналаған. Одан кейін Шымкент қаласындағы досының үйіне кетіп қалды.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15611292_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_3e0696fecde92e618a693e430a71dc84.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
із-түзсіз жоғалу, түркістан облысы
із-түзсіз жоғалу, түркістан облысы
Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалған оқушы қыз табылды
11-сыныптың оқушысы үш күн бойы Түлкібас қаласындағы құрбыларының үйін паналаған
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған қызды тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Түлкібас аудандық полиция бөліміне кәмелетке толмаған қыздың жоғалғаны туралы ақпарат түсті. Анасы хабарласып, екеуінің арасында келіспеушілік болғанын айтқан. Содан 17 жастағы бойжеткен үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен.
Қызы бес күн бойы байланысқа шықпады. Анасы жақын туыстарға да хабарласып көрген. Бірақ оқушы қыз табылмады. Осыдан кейін әйел полицияның көмегіне жүгінді.
"Түлкібастық полицейлер қыздың жоғалғаны туралы ақпарат түскен бойда іздестіру шараларына кірісті. Осы жұмысқа толық құрам тартылды. Тәртіп сақшылары жоғалған бойжеткеннің құрбыларынан жауап алып, баруы мүмкін деген аймақтарды түгел аралап шықты. Көрші аудан, қалаларға да хабар беріп, сұрастыру жұмыстарын жүргізді", - дейді полицейлер.
Жедел жұмыстың нәтижесінде бойжеткен бір тәуліктің ішінде табылды. Оқушы қыз Шымкент қаласында жүрген. Түлкібастық сақшылар оны аудандық бөлімге жеткізіп, анасымен аман-есен қауыштырды.
Сөйтсе, бұған дейін жасөспірім қыз бір рет үйден кетіп қалған. Бірақ артынан қайтып келді. Содан анасы бірден іздеу салмаған.
11-сыныптың оқушысы үш күн бойы Түлкібас қаласындағы құрбыларының үйін паналаған. Одан кейін Шымкент қаласындағы досының үйіне кетіп қалды.