Тоқаев Мысырдағы елшіге сөгіс жариялады

египет
египет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2022
Жазылу
Елші мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамаған
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомар Тоқаев Қазақстанның Мысырдағы елшісі Қайрат Лама Шарифке сөгіс жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Елші мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамаған.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады", - делінген ресми хабарламада.
Ал әдеп кодексінің 9-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік жұмыс мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса және мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепсіз сөздерді қамтитын болса, көпшілік алдында білдірмеуге тиіс.
Бұған дейін Қайрат Лама Шариф әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше пост жариялап, Конституцияға тағы бірнеше өзгеріс енгізуді ұсынды.
Атап айтқанда, "әкімшілік-аймақтық өңірлер" деген жаңа бап қосып, отаршыл патшалық Ресей мен Кеңес Одағы мәжбүрлеп енгізген елді мекендердің даулы атауларынан біржолата құтылуға" үндеді.
Елші "облыс" қазақ тіліне орыс тілінен енген кірме сөз деп санайды. Павлодар облысын Сарыарқа өңірі, ал Қызылорда обылсын Сырдария өңірі деп атап, әкімшілік орталығын Байқоңырға ауыстыруды, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласына бұрынғы Астана атауын қайтаруды ұсынды.
Жаңалықтар
0