Соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге "Халық қаһарманы" атағы берілді

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Президент жарлығымен Екінші дүниежүзі соғысында ерлік көрсеткен үш майдангер марапатталды, деп хабарлайды Ақорда.
"1941-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзі соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын" - делінген жарлықта.
Олар:
Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) – 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені.
Несмиянов Александр Александрович (марқұм) – 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі.
Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) – 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мерген-бақылаушысы.
Жаңалықтар
0