https://sputnik.kz/20220506/qazaqstan-bank-salymshylary-24680640.html
Қазақстанда таратылатын сегіз банктің салымшыларына өтемақы төлеу мерзімі аяқталды
Қазақстанда таратылатын сегіз банктің салымшыларына өтемақы төлеу мерзімі аяқталды
Sputnik Қазақстан
Өтем сомаларын аудару 31 мамырына дейін жүзеге асырылады 06.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-06T13:31+0500
2022-05-06T13:31+0500
2022-05-06T13:51+0500
қоғам
банк
өтемақы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893728_0:0:2560:1440_1920x0_80_0_0_4e0a45f1630fd79b2d01f6f9d450cfc1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстанда таратылатын сегіз банктің салымшыларына өтем төлеу мерзімі аяқталды.Осы жылдың 2 мамырында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының таратылатын сегіз банк бойынша төлемдері ойдағыдай аяқталды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.Ресми мәліметке сүйенсек, аталған мерзімге дейін талап етілмеген кепілді өтем сомалары салымшылардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылады. Зейнетақы қорына "Валют-Транзит Банк" АҚ, "Қазинвестбанк" АҚ, "Delta Bank" АҚ, "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ, "Астана Банкі" АҚ, "Tengri Bank" АҚ және "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ салымшыларының өтем сомалары аударылады. Депозиторлар өтем ақшаларының зейнетақы шоттарына есептелгендігін ағымдағы жылдың 31 мамырынан кейін БЖЗҚ ресми сайтындағы жеке кабинеті, мобильді қосымшасы және БЖЗҚ-ның жергілікті кеңсесіне бару арқылы өз бетімен көз жеткізе алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893728_320:0:2240:1440_1920x0_80_0_0_96ca798226e0d3a4e4e96593d151facf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, өтемақы
Қазақстанда таратылатын сегіз банктің салымшыларына өтемақы төлеу мерзімі аяқталды
13:31 06.05.2022 (жаңартылды: 13:51 06.05.2022) Өтем сомаларын аудару 31 мамырына дейін жүзеге асырылады
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстанда таратылатын сегіз банктің салымшыларына өтем төлеу мерзімі аяқталды.
Осы жылдың 2 мамырында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының таратылатын сегіз банк бойынша төлемдері ойдағыдай аяқталды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Ресми мәліметке сүйенсек, аталған мерзімге дейін талап етілмеген кепілді өтем сомалары салымшылардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоттарына ерікті зейнетақы жарналары ретінде аударылады.
"Заңнама талаптарына сәйкес, өтем сомаларын аудару төлем мерзімі аяқталған күннен бастап, күнтізбелік 30 күн ішінде, яғни 2022 жылдың 31 мамырына дейін жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Зейнетақы қорына "Валют-Транзит Банк" АҚ, "Қазинвестбанк" АҚ, "Delta Bank" АҚ, "Қазақстан Эксимбанкі" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ, "Астана Банкі" АҚ, "Tengri Bank" АҚ және "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ салымшыларының өтем сомалары аударылады.
Депозиторлар өтем ақшаларының зейнетақы шоттарына есептелгендігін ағымдағы жылдың 31 мамырынан кейін БЖЗҚ ресми сайтындағы жеке кабинеті, мобильді қосымшасы және БЖЗҚ-ның жергілікті кеңсесіне бару арқылы өз бетімен көз жеткізе алады.