Өңірлер

Павлодардағы зауыт жұмысшылары жаппай жұмыстан кетуге дайын

© Photo : pixabay.com / Karl Reinery Каски
Каски - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2022
Жазылу
Себебі зауыттағылар ауыр еңбектері үшін үш есе аз, яғни 100 мың теңгеден төмен жалақы алады
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Павлодар металлургия кәсіпорнының жұмысшылары жалақының аздығына, шамадан тыс жұмыс жүктемесіне шағымданып, жағдай өзгермесе, жаппай жұмыстан кетуге дайын екендерін мәлімдеді.
100-ден аса жұмысшы сәйкес өтініш дайындап жатыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Зауыт жұмысшылары жалақы көп жылдан бері өспегенін айтты. Әсіресе, Қазақстанда орташа жалақы көлемі 275 мың теңге екені туралы ақпарат олардың шамына тиген.
Себебі зауыттағылар ауыр еңбектері үшін үш есе аз, яғни 100 мың теңгеден төмен жалақы алады.
Ал Павлодарда пәтер жалдап тұру үшін кемінде 70 мың теңге қажет. Сондықтан азық-түлік, киім-кешек пен басқа да қажеттіліктер үшін қаражат қалмайды.
Зауыттағылар кадр тапшылығына да шағымданды. Жоспар бойынша 1 137 жұмысшы есепте болғанымен, іс жүзінде тек 865 адам еңбектеніп жатыр. Зауыт жұмысшылары бұл 24%-ке аз екенін айтты.
Олар қосымша жүктеме үшін үстемеақы алмайтындарын жеткізді.
Еңбек басқармасында егер жұмысшы басқа жұмысшының орнына еңбек етсе, оған қосымша ақы төленуі керек екенін мәлімдеді.
"Бұл кодексте қарастырылған. Егер қандай да бір қызметкер жұмыс орнында болмаса, онда қызмет көрсету аймағын кеңейту бойынша жұмысшыларға қосымша үстемеақы төленуі тиіс. Жұмыс беруші мұны орындауға міндетті", - дейді Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.
Жаңалықтар
0