Өскеменде мұғалімдердің кейбіріне 5 теңге жалақы аударылған

© Photo : pixabay/Andrew KhoroshavinӘмиян
Әмиян - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2022
Жазылу
Мұғалімдердің жалақысын дұрыс есептемеген бухгалтердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Өскемендегі №18 орта мектеп мұғалімдерінің жалақысы екі еседей азайып кеткен. Тіпті педагогтардың кейбіріне 5 теңге ғана түскен, деп хабарлады Хабар 24.
Білім бөлімі бұдан хабардар. Мәселе мектеп есепшісінің қателігінен кеткен. Яғни ол жыл бойы мұғалімдерге жалпы сомасы 20 миллион теңгені артық аударып келген. Ал кейбіріне керісінше жалақыны кем есептепті.
Бұл былық тек есепші жұмыстан шығар уақытта ғана анықталған. Өйткені оның жұмысын қабылдау үшін арнайы комиссия тексеріс жүргізген. Енді есепшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ал артық төленген бюджет қаржысын қайтару үшін мұғалімдердің жалақысының белгілі бір мөлшері ұсталып қалып жатыр. Бірақ ол мөлшер 50 проценттен көп болмауы керек.

"Бес теңге еңбекақы аударылғанын көріп шошып кеттім. Басшылық қандай да бір қателік жіберілген болар деп түсіндірді", - дейді бастауыш сынып мұғалімі Ольга Шмидт.

"Бір адамға 13-14 мыңнан артық аударылған, олқылықтарды анықтадық. Әрине бұл жерде директордың жауапкершілігі болуы керек, сондықтан бухгалтеріне қылмыстық іс қозғалды, ал директорды тәртіптік жазаға тартамыз", - деп атап өтті қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.
Жаңалықтар
0