Денсаулық

Ғалымдар көздің көруін нашарлататын азық-түлікті атады

© Photo : СС0 / LhcCoutinhoКөз
Көз - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2022
Жазылу
Мамандар осы өнімдерді бей-берекет жеудің салдары туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр — Sputnik. The American Journal of Pathology басылымына арнап жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша көздің көру қабілетіне аса зиян азық-түлікті атады.
Мамандар осы өнімдерді бей-берекет жеудің салдары туралы айтты. Мысалы, ақ нанның құрамындағы крахмалдың жоғары мөлшері ұйқы безінің инсулинді көбірек түзуіне түрткі болады. Ал инсулиннің артық мөлшері көздің ішкі тор қабатына кері әсер етуі мүмкін.
Газдалған сусындар мен чипс өнімі құрамында жалпы ағзаға, соның ішінде көру органдарына зиян келтіретін көп қоспа бар, деп хабарлайды mk.ru сайты.
Алкогольді ішімдіктерді жиі тұтыну да көздің нашар көруіне себеп болуы ықтимал. Себебі, спирт тамырды тарылтады.
Көз - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2018
Қоғам
Көздің түсінен қандай адам екеніңізді білуге болады
Жаңалықтар
0