https://sputnik.kz/20220506/internette-bala-zhazba-zan-24691789.html
Интернетте баланы кемсітетін жазбалар жойылады – заңның негізгі талаптары қандай
Интернетте баланы кемсітетін жазбалар жойылады – заңның негізгі талаптары қандай
Sputnik Қазақстан
Балаға қатысты кибербуллинг жасалса, білім басқармасы ол туралы ақпаратты тікелей министрлікке жібереді 06.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-06T18:42+0500
2022-05-06T18:42+0500
2022-05-06T18:42+0500
бала тәрбиесі
https://sputnik.kz/img/154/33/1543380_0:2:4032:2270_1920x0_80_0_0_17ad4f6c193e499bfed388231e734abb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Осы аптада президент қоғамда дау туғызған кибербуллинг туралы заңға қол қойды. Басында осы құжатпен ақпарат министрлігіне балаға қатысты буллинг фактілері бойынша интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бұғаттауға өкілеттілік беру жоспарланған еді. Алайда халық наразылығынан кейін ол норманы алып тастады. Баланы қорлайтын және кемсітетін ақпаратты ғана жоюға рұқсат берілді. Әлеуметтік желіде балаға қарсы буллинг жасалса, не істеу керек? Оған тіл тигізгені үшін жауапқа тартуға бола ма? Sputnik Қазақстан заңның негізгі талаптарын зерделеп шықты.Ата-аналар шағым түсіре аладыАқпараттық технологиялар дамығаннан кейін балалар арасындағы кибербуллинг мәселесі ушыға түсті. Бұрын мектепте біреуді қудалау әрекеттері сыныптан ары шықпаса, қазір әлеуметтік желіде шектеу жоқ, "тролльдерге" басқа қалада, тіпті басқа мемлекетте отырған адамдар қосылып, балаға қорлық көрсете береді. Соның салдарынан жасөспірімдер суицид жасайтын фактілері де бар.Алдағы әлеуметтік желіде баланың ар-намысына тиетін ақпаратты алып тастауға мүмкіндік болады. Депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, президент тиісті заңға қол қойғаннан кейін қосымша нормативтік құжаттар әзірленеді. Соның негізінде шағым түсіру және оны қарау тәртібі бекітіледі. Ал арыз-шағымдар арнайы сарапшылар комиссиясына жолданады.Оның айтуынша, ережені ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлейді. Сарапшылар комиссиясы да осы мемлекеттік органның жанында болады."Ата-ананың шағымын мектептің өзі ала алады. Мектеп инспекторы, мектеп директоры, сол жердегі психолог бар, ол жағынан проблема жоқ. 102-ге хабарласуға болады, бәрібір оны министрлікке жолдайды. Ал сарапшылар комиссиясы әрбір шағым бойынша жиналып отырады. Оның құрамында психологтар, педагогтар және тағы басқа мамандар болады. Олар баланың ар-намысын қорлайтын ақпаратты тексеріп, желіден жоюға шешім шығарады", - деп атап өтті Бейсенбаев.Жаңа заң нормаларына сәйкес, кибербуллинг құрбаны болған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі тікелей министрліктің өзіне шағым түсіре алады. Оны жазбаша немесе электронды түрде жіберуге болады. Осы жолы кибербуллингтің анықтамасы да бекітілді. Бұл – баланы кемсіту сипатында жүйелі (екі және одан көп) түрде жасалған әрекеттер. Интернет-ресурс арқылы қорқыту, қудалау, қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасамауға мәжбүрлеу де кибербуллинг болып саналады.Кибербуллинг үшін жазаға тартуға бола ма?Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, мектеп оқушыларының 12 проценті буллинг пен қудалаудың құрбаны болып жатады. 11-15 жастағы балалардың 11 проценті әлеуметтік желіде кибербуллингке қатысқан немесе өздері одан зардап шеккен. Былтыр кибербуллинг бойынша 78 мың шағым тіркелген. Шағым түсірмеген ата-аналар да аз емес.Шыны керек, бүгінде "тролльдердің" көбісі жазадан құтылып кетеді. Себебі барлығын анықтау мүмкін емес. Сосын олардың кінәсін дәлелдеу де оңай емес.Заңға адамға тіл тигізгені үшін жаза енгізілген. Қылмыстық кодексте қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту туралы бап бар. Ал көпшiлiк алдында бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған ондай әрекет үшін 200 айлық есептiк көрсеткiшке (612 600 теңге) дейiн айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылған. Алайда заңгерлердің айтуынша, әлеуметтік желіде біреуге тіл тигізген адамды жауапқа тарту үшін нақты дәлелдер болуы керек."Алдымен заң бұзу фактісін тіркеу қажет. Бізде интернетте тіл тигізгені үшін жаза қарастырылса да, "скриншоттың" нақты анықтамасы жоқ. Демек сотта оны дәлел ретінде келтіру қиын болады. Ол скриншотты ресми түрде бекіту керек. Оны нотариустар істей алады. Бірақ іс жүзінде қалай істейтінін бәрі бірдей біле бермейді. Одан кейін мықты сарапшы филолог керек. Өйткені адамның ар-намысына тиетін сөздің бар-жоғын анықтап, филологиялық қорытынды алу қажет", - дейді заңгер мамандар.Ал шағымды қылмыстық немесе азаматтық сотқа беруге болады.200 мың теңге өндіріп алдыЖақында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны қызының сыныптасын сотқа беріп, WhatsApp-та тіл тигізгені үшін оның ата-анасынан 200 мың теңге моральдық өтемақы өндіріп алды. Азаматтық іс Алматы аудандық сотында қаралды.Тергеу материалдарына сәйкес, былтыр WhatsApp мессенджерінде ашылған сыныптастар чатында ұл бала қыздың ар-намысына тиетін сөздер жазған. Оны көрген анасы сотқа арыз түсірді. Шағымда 3 миллион теңге төлеуді талап еткен. Себебі кәмелет жасқа толмаған қызы қатты күйзеліске түсіп, бір ай бойы жылап жүрген. Психолог жалдауға тура келіпті.Кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша ауданаралық соттың шешімімен жасөспірімнің әкесі ұлын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін жауапқа тартылды. Ол 200 мың теңгені төлеуге міндеттелді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/154/33/1543380_502:0:3531:2272_1920x0_80_0_0_24ae29af3f3663b4e16675983bd65f58.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
бала тәрбиесі
Интернетте баланы кемсітетін жазбалар жойылады – заңның негізгі талаптары қандай
Балаға қатысты кибербуллинг жасалса, білім басқармасы ол туралы ақпаратты тікелей министрлікке жібереді
НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Осы аптада президент қоғамда дау туғызған кибербуллинг туралы заңға қол қойды. Басында осы құжатпен ақпарат министрлігіне балаға қатысты буллинг фактілері бойынша интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бұғаттауға өкілеттілік беру жоспарланған еді. Алайда халық наразылығынан кейін ол норманы алып тастады. Баланы қорлайтын және кемсітетін ақпаратты ғана жоюға рұқсат берілді. Әлеуметтік желіде балаға қарсы буллинг жасалса, не істеу керек? Оған тіл тигізгені үшін жауапқа тартуға бола ма?
Sputnik Қазақстан заңның негізгі талаптарын зерделеп шықты.
Ата-аналар шағым түсіре алады
Ақпараттық технологиялар дамығаннан кейін балалар арасындағы кибербуллинг мәселесі ушыға түсті. Бұрын мектепте біреуді қудалау әрекеттері сыныптан ары шықпаса, қазір әлеуметтік желіде шектеу жоқ, "тролльдерге" басқа қалада, тіпті басқа мемлекетте отырған адамдар қосылып, балаға қорлық көрсете береді. Соның салдарынан жасөспірімдер суицид жасайтын фактілері де бар.
Алдағы әлеуметтік желіде баланың ар-намысына тиетін ақпаратты алып тастауға мүмкіндік болады. Депутат Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, президент тиісті заңға қол қойғаннан кейін қосымша нормативтік құжаттар әзірленеді. Соның негізінде шағым түсіру және оны қарау тәртібі бекітіледі. Ал арыз-шағымдар арнайы сарапшылар комиссиясына жолданады.
"Қазір комиссия құрып, оның құрамына кіру бойынша нормативтік-құқықтық акт дайындалады. Ереже болуы да мүмкін. Мысалы, бір балаға қатысты кибербуллинг жасалса, білім басқармасы тікелей министрлікке жібереді. Ал министрліктің жанындағы сарапшылар тобы шешім шығарады. Соның негізінде әлеуметтік желіге немесе интернет-порталға шыққан ақпарат үш күннің ішінде жойылады", - деді Бейсенбаев
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, ережені ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлейді. Сарапшылар комиссиясы да осы мемлекеттік органның жанында болады.
"Ата-ананың шағымын мектептің өзі ала алады. Мектеп инспекторы, мектеп директоры, сол жердегі психолог бар, ол жағынан проблема жоқ. 102-ге хабарласуға болады, бәрібір оны министрлікке жолдайды. Ал сарапшылар комиссиясы әрбір шағым бойынша жиналып отырады. Оның құрамында психологтар, педагогтар және тағы басқа мамандар болады. Олар баланың ар-намысын қорлайтын ақпаратты тексеріп, желіден жоюға шешім шығарады", - деп атап өтті Бейсенбаев.
Жаңа заң нормаларына сәйкес, кибербуллинг құрбаны болған баланың ата-анасы немесе заңды өкілі тікелей министрліктің өзіне шағым түсіре алады. Оны жазбаша немесе электронды түрде жіберуге болады. Осы жолы кибербуллингтің анықтамасы да бекітілді. Бұл – баланы кемсіту сипатында жүйелі (екі және одан көп) түрде жасалған әрекеттер. Интернет-ресурс арқылы қорқыту, қудалау, қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасамауға мәжбүрлеу де кибербуллинг болып саналады.
Кибербуллинг үшін жазаға тартуға бола ма?
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, мектеп оқушыларының 12 проценті буллинг пен қудалаудың құрбаны болып жатады. 11-15 жастағы балалардың 11 проценті әлеуметтік желіде кибербуллингке қатысқан немесе өздері одан зардап шеккен. Былтыр кибербуллинг бойынша 78 мың шағым тіркелген. Шағым түсірмеген ата-аналар да аз емес.
Шыны керек, бүгінде "тролльдердің" көбісі жазадан құтылып кетеді. Себебі барлығын анықтау мүмкін емес. Сосын олардың кінәсін дәлелдеу де оңай емес.
Заңға адамға тіл тигізгені үшін жаза енгізілген. Қылмыстық кодексте қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту туралы бап бар. Ал көпшiлiк алдында бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған ондай әрекет үшін 200 айлық есептiк көрсеткiшке (612 600 теңге) дейiн айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылған. Алайда заңгерлердің айтуынша, әлеуметтік желіде біреуге тіл тигізген адамды жауапқа тарту үшін нақты дәлелдер болуы керек.
"Алдымен заң бұзу фактісін тіркеу қажет. Бізде интернетте тіл тигізгені үшін жаза қарастырылса да, "скриншоттың" нақты анықтамасы жоқ. Демек сотта оны дәлел ретінде келтіру қиын болады. Ол скриншотты ресми түрде бекіту керек. Оны нотариустар істей алады. Бірақ іс жүзінде қалай істейтінін бәрі бірдей біле бермейді. Одан кейін мықты сарапшы филолог керек. Өйткені адамның ар-намысына тиетін сөздің бар-жоғын анықтап, филологиялық қорытынды алу қажет", - дейді заңгер мамандар.
Ал шағымды қылмыстық немесе азаматтық сотқа беруге болады.
200 мың теңге өндіріп алды
Жақында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны қызының сыныптасын сотқа беріп, WhatsApp-та тіл тигізгені үшін оның ата-анасынан 200 мың теңге моральдық өтемақы өндіріп алды. Азаматтық іс Алматы аудандық сотында қаралды.
Тергеу материалдарына сәйкес, былтыр WhatsApp мессенджерінде ашылған сыныптастар чатында ұл бала қыздың ар-намысына тиетін сөздер жазған. Оны көрген анасы сотқа арыз түсірді. Шағымда 3 миллион теңге төлеуді талап еткен. Себебі кәмелет жасқа толмаған қызы қатты күйзеліске түсіп, бір ай бойы жылап жүрген. Психолог жалдауға тура келіпті.
Кәмелет жасқа толмағандардың ісі бойынша ауданаралық соттың шешімімен жасөспірімнің әкесі ұлын тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін жауапқа тартылды. Ол 200 мың теңгені төлеуге міндеттелді.